Химиялық инженерия және материалдар технологиясының бакалавры



Химиялық инженерия және материалдар технологиясы – бұл қосымша артықшылықтарға қол жеткізу үшін химиялық, физикалық құбылыстарды кеңінен пайдаланатын, техникалық пән. Бұл пән зертханада жаңалықтың (жаңа материал, жаңа катализатор, жаңа молекула, жаңа физикалық құбылыс) ашылуынан бастап, өндірістік кәсіпорында пайдаланылуына дейін түрлену, «яғни масштабтау» тұжырымдамасына негізделеді. Қазіргі уақытта біздің қоршаған ортаны қорғау және оны қайта қалпына келтіру, энергияны өндіру және сақтау, көміртегі шикізатын қайта өңдеу, пластиканы өндіру және қайта шығару, азық-түлік өнімдері, фармацевтикалық өнім, биомедициналық аппаратураны өндіру және т.б. көптеген салаларда қолданылатын жаңа материалдар мен химиялық заттарды дамытуда жетістіктеріміз бар. Химиялық инженерия және материалдар технологиясының бакалавры – бұл жоғары білім берудің төрт жылдық бағдарламасы. Бағдарлама бакалавриат студенттеріне Қазақстанда және шет елде магистратурада оқуды жалғастыру, өнеркәсіпте немесе ғылыми-зерттеу қызметінде табысты мансап құру дағдыларын үйрету және терең білім беру үшін әзірленген. Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласының бакалавриат бағдарламасы бойынша оқудың бірінші жылы техникалық пәндер, ең бастысы физика және математика пәндері курстарын оқытуға арналған. Екінші курста студенттер күрделі инженерлік есептерді шығару үшін маңызды математикалық білімдерін дамытуды жалғастырады. Қазіргі кезде сұйықтықтардың термодинамикасымен және механикасымен қатар, химиялық инженерия бойынша кіріспе курстан бастап, пәннің негізгі курстары, сондай-ақ органикалық және бейорганикалық химия бойынша жалпы курстар енгізіледі. Үшінші курста студенттер химиялық реакторлар, жылу алмастырғыштар және сепараторлық қондырғылар тәрізді химиялық зауыттардың негізгі қондырғылары туралы білетін болады. Студенттер ең алдымен екі эксперименттік зертханалық курстар аясында химиялық технологияның аталған негізгі курстары туралы практикалық білім алады. Соңғы екі курс материалдар химиясына және олардың сипаттамаларына арналған. Соңғы курста процестің құрылымына және модельдеуге, сондай-ақ химиялық процестердегі бақылау және қауіпсіздік жүйелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл курстар оқушыларға барлық химиялық процесті жобалау мен модельдеуге қоса, өз дипломдық жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Соңғы оқу жылында студенттердің факультативтік курстар арқылы химиялық инженерия және материалдар технологиясы тәрізді кеңінен таралған пәннің әртүрлі аспектілерін зерттеуге мүмкіндіктері болады. Қоршаған ортаны қорғау немесе бірнеше кезеңді жүйелер салаларындағы химиялық инженерия бойынша көптеген факультативтік курстар бар. Полимерлерге, коллоидтерге, ұнтақтар немесе биологиялық тіндерге қатысты салалар жататын материалдар бойынша мамандандыру факультативтік курстары өткізіледі.

Total Number of Credits: 248 ECTS

Year 1
Year 2
Year 3
Year 4