News_KZ

NU SEDS Ассистент профессоры алматылық жоғары сынып оқушыларын ғылым жолын таңдауға шақырды

NU SEDS Ассистент профессоры Гүлнұр Қалимулдина «Өз жолыңды тап» шарасы аясында алматылық мектеп оқушылары алдында сөз сөйледі. Есенов қорының жыл сайынғы шарасы жоғары сынып оқушыларына өздерінің өмірлік жолдарын анықтауға және мансап мүмкіндіктерін зерттеуге көмектесуге бағытталған.

Шара жоба тарихында алғаш рет қазақ тілінде өтті.

Гүлнұр Қалимулдина «Ғылым жолында мансапты қалай құруға болады» деген тақырыпта сөз қозғап, өзінің ғалымға қалай келгені туралы әңгімеледі. Назарбаев университетіндегі зерттеушілер мен студенттер үшін қолжетімді мүмкіндіктермен таныстырды әрі өз зерттеу тобындағы қазір АҚШ-та PhD дәрежесін алып жатқан және шетелде жұмыс істеп жүрген табысты түлектері туралы айтып берді. Негізгі назар жоғары сынып оқушыларын әртүрлі мансаптық нұсқаларды қарастыруға, соның ішінде зерттеуші ғалым болуға ынталандыруға аударылды. Ол өз сөзінің интерактивті бөлігі ретінде мектеп оқушыларына жаратылыстану бойынша сұрақтар дайындап, жеңімпазға зертханасында жазғы тәжірибеден өтуді ұсынды.