News_KZ

NU SEDS профессорлары Қарағанды техникалық университетіне мехатроника бойынша академиялық бағдарлама әзірлеп берді

2023 жылдың 5 желтоқсанында Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) кезекті маңызды жетістігін яғни «Қазақстан: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінде Мехатроника бағдарламасын құру» жобасының сәтті аяқталуын атап өтті. Бұл жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қаржылық қолдауы арқасында жүзеге асырылды.

Жобаға NU SEDS профессоры Тохид Ализаде бастамашылық етті. Ол аталған жоба аясында профессорлар Бехрус Махам және Айбек Ниетқалиевпен бірлесіп “Borusan Cat Kazakhstan”жергілікті түлектердің біліктілігін арттыруға ұмытылды. Олар SEDS тәжірибесін және Қарағанды ​​техникалық университетінің инфрақұрылымын пайдалана отырып, салалық талаптарды қанағаттандыру үшін мамандандырылған мехатроника бағдарламасын жазып шықты. Осылайша үш мамандандырылған курс әзірленіп, Қарағанды ​​техникалық университетінің үш оқытушысына таныстырылды. Сонымен қатар, NU SEDS профессорлары бағдарламаға жаңа студенттерді тарту жағынан да көмек қолын созып, маркетингтік материалдарды ұсынды.

НУ, ЕҚДБ және “Borusan Cat Kazakhstan” өкілдері қатысқан іс-шарада ынтымақтастықтың табыстылығы мен бастаманың трансформациялық әсері атап өтілді.

Профессор Тохид Ализаде өз білгенімен YouTube желісінде де (@TohidAlizadeh) тұрақты түрде бөліседі. Оның «CODESYS көмегімен PLC бағдарламалау» бойынша таныс-түсінікті кеңейтетін жеке арнасы тек NU SEDS студенттеріне ғана емес, әлемдік аудиторияға да пайдасын тигізіп, халықаралық деңгейде танылды.

Профессор Тохид Ализаденің айтуынша, «Қарағанды ​​техникалық университеті үшін жасалған жоба академия мен өнеркәсіп арасындағы жемісті қарым-қатынастың үлгісі болып табылады, болашақ ынтымақтастыққа жол ашады және НУ-нің тәжірибе алмасу мен тәжірибеге негізделген білім беруге деген ұмтылысын көрсетеді».