News_KZ

NU SEDS Ассистент профессоры Нұрсұлтан Қабылқас Қытай ғылым академиясымен компьютерлік технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Назарбаев университетіндегі Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) Ассистент профессоры Нұрсұлтан Қабылқас үстіміздегі жылдың 12-17 желтоқсан аралығында Қытай Ғылым академиясының Есептеу технологиялары институты мен Бейжің Open Source Chip ұйымына жұмыс бабымен бір аптаға сапарлап қайтты. Бұл сапар ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болды.

Сапар барысында доктор Нұрсұлтан Қабылқас инновациялық зерттеу тұжырымдамаларымен алмасып, ғылым және білім беру салаларындағы әлеуетті ынтымақтастықтарды зерттеді. Оның микропроцессорларды сынаудың анағұрлым тиімді және өнімді әдістеріне қатысты жақында жүргізген зерттеулері институт тарапынан зор қызығушылық тудырды. Өз кезегінде доктор Қабылқас институттың ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы озық әзірлемелерімен танысты.

Нұрсұлтан Қабылқас сапарының маңызды сәті Есептеу технологиялары институты директорының орынбасары доктор Юнганг Баомен кездесуі болды. Олардың әңгімесі доктор Баоның бастамасы болып табылатын институттың «Бір студент – бір чип» бастамасына арналды. Бұл жоба чиптерді жобалау мен өндіруден бастап операциялық жүйелерді жүктеуге және чиптерде бағдарламалық қамтамасыз етуді іске қосуға дейінгі жүйені дамытудың барлық бөлігін қамтиды. Кездесу компьютер технологиясында революциялық білім беру жетістіктерінің негізін қалауы мүмкін ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізумен аяқталды.

«Бұл сапар екі арадағы байланысты нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз бұл серіктестіктен жемісті нәтижелер мен компьютерлік технологиялар саласында үлкен жетістіктер күтеміз», - дейді профессор Нұрсұлтан Қабылқас.