News_KZ

НУ SEDS үш профессоры 2023 жылғы «Қазақстанның үздік ғылыми қызметкері» сыйлығының лауреаты атанды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының қорытындысын жариялады. Бұл мәртебелі сыйлық ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен зерттеушілерді қолдау мен ынталандыруды көздейді. Аталған сыйлық жыл сайын 50 адамға беріледі. Биылғы нәтиже бойынша Назарбаев университетіндегі Инженерия және циярлық ғылымдар мектебінің үш асссистент профессоры жеңімпаз деп танылды.

«Жаратылыстану ғылымдары» номинациясы бойынша «Химиялық инженерия және материалдар технологиясы» кафедрасының ассистент профессоры Алмагүл Меңтбаева жеңімпаз атанса, «Электротехника және компьютер инженериясы» кафедрасының ассистент профессорлары Гүлсім Құлшарова мен Сұлтанғали Арзықұлов «Техника және технология» санатында үздік деп танылды.

Ғалымдарымызды шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми қызметтерінде толағай табыс тілейміз!

Дереккөз сілтемесі:https:https:https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/675241?lang=kk