Events_KZ

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Алматыдағы күні

Баршаңызды Алматы қаласындағы Назарбаев Университетінің инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) күніне шақырамыз!

Егер сізді инженерия және IT мамандықтары қызықтырса, 2023 жылғы 30 қазанда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін біздің профессорлармен кездесудің бірегей мүмкіндігін өткізіп алмаңыз.

Сіз оқуға қабылдау, академиялық талаптар, оқуды аяқтағаннан кейін мансап мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат аласыз, жарыстарда жүлделі орындарға ие боласыз және НУ түлектерімен танысасыз.

Іс-шара бағдарламасы:

10:30-15:00. NU SEDS кафедраларының жәрмеңкесі

10:30-12:00. Академиялық бағдарламалар бойынша инфо-сессиялар

13:30-14:00. Мұнара тұрғызу бойынша сайыс

13:30:14:30. «Қандай мамандықты таңдаймын?» интеллектуалды сайысы және «NU SEDS студентеріне арналған мүмкіндіктер» ақпараттық сессия

13:00-14:00. NU SEDS Mock interviews: Магистратура және докторантура бағдарламаларына сұхбатты сәтті өтудің қыр-сыры

14:00-15:00. NU SEDS түлектерімен әңгіме

Тіркелу.

Сіздерді Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев көшесі 4А мекен-жайында орналасқан НУ кеңсесінде күтеміз.