Events_KZ

17 ақпанда өтетін NU SEDS ашық есік күніне тіркеліңіз!

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі сіздерді 2024 жылдың 17 ақпанында өтетін Ашық есік күніне шақырады.


Бұл шара болашақ студенттерге мектебімізбен және оның академиялық қауымдастығымен танысуға мүмкіндік береді. Ашық есік күні барысында сіздерге бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары мен әртүрлі мүмкіндіктер туралы толығырақ ақпарат беріледі.

NU SEDS 22 академиялық бағдарлама ұсынады.

Шара барысында НУ Студенттерді қабылдау департаментінің «Оқуға қабылдаудың соңғы күндері: соңғы сәттегі сұрақтар» сессиясы мен қабылдау комиссиясының мүшесі өткізетін «Магистратура мен докторантураның сұхбат кезеңінен қалай сәтті өтуге болады?» тақырыбындағы жаттығу сұхбатына және «Engineering Management's Den» атты инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы бойынша оқығысы келетіндерге арналған питчинг ойынына қатыса аласыздар.

Сонымен қатар, біздің зертханаларға жасалатын экскурсия мен үлкен сұранысқа ие жоғары сынып оқушыларына арналған Arduino электротехника лагеріне қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Іс-шараға қатысу және бағдарламамен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://seds.nu.edu.kz/kz/seds_open_house_day_24


Сізбен кездесуді асыға күтеміз!

Өтетін күні: сенбі, 17 ақпан

Басталу уақыты: 10:30

Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, НУ кампусы, 3 корпустың кіреберісі.