Бағдарламалар

Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласының инженерлік іс бакалавры

Механикалық инженерия механикалық жүйелерді талдау, жобалау, өндіру және техникалық қызмет көрсету үшін физиканы қолдануды көздейді. Инженер-механиктер экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, қоғамның сауығуы мен денсаулығын және әл-ауқатын аттыру үшін жылыту және салқындату жүйелерін, қорыту құралдарын, өндірістік қондырғыларды, өнеркәсіп жабдықтарын, автомобиль құралдарын, ұшақтарды, робот техникасын және көбінесе медициналық қондырғыларды жобалау мен талдаудың негізгі қағидаттарын пайдаланады.

Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласының инженері дипломын алған түлектер  өңдеу, тау-кен өндіру өнеркәсібі, электрмен және сумен қамтамасыз ету, инженерлік және басқарушылық консультация беру, автомобиль жасау, аэроғарыштық және авиациялық өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру және электроника өндірісі сияқты көптеген салаларда жұмыс істей алады.

Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласының инженерлік іс бакалавры

Инженер-химиктер қолжетімді өнімдердің көлемі мен сапасын арттыру үшін тамақ өнімдерін өңдеу технологияларын және тыңайтқыштарды өндіру әдістерін  жетілдіреді.

Олар сондай-ақ біздің киімімізді неғұрлым ыңғайлы ететін және су өткізбейтін синтетикалық талшықтарды жасайды; дәрі-дәрмекті қолжетімді ету үшін жаппай өндіру әдістерін әзірлейді; сондай-ақ олар энергетикалық және химиялық материалдарды неғұрлым өнімді және экономикалық тұрғыдан тиімді ету үшін мұнай өнімдерін өңдеудің неғұрлым қауіпсіз, тиімді әдістерін жасайды.

Инженер-химиктер ластануды бақылау және оның салдарын жою сияқты экологиялық проблемалардың шешімдерін де әзірлейді.

Олар айналадағының барлығын өндіру немесе жақсарту үшін пайдаланылатын химиялық заттарды да өңдейді.

Электротехника және компьютерлік инженерия саласының инженерлік іс бакалавры

Инженер-электротехниктер электр жабдықтарын өндіру және сынақтан өткізуді қадағалай отырып, өнертапқыш болулары тиіс. Бұл жабдықтардың кейбір түрлері:  электромоторлар; машина техникасын бақылағыш, жарық түсіру аппаратурасы, сондай-ақ ғимараттардағы сымдар; радиолокациялық және навигациялық жүйелер; байланыс жүйелері; сондай-ақ электр компаниялары пайдаланатын электр энергиясын өндіру, бақылау және өткізу қондырғылары.

Инженер-электротехниктер автомобильдер мен ұшақтарға арналған электр жүйелерін жобалайды және эксплуатациялауға енгізеді. Инженер-электротехниктер әдетте электр энергиясын өндіру және жеткізумен, ал электротехника жөніндегі инженерлер  сигналдарды басқару және өңдеу жүйелеріне арналған электрді қолданумен айналысады. Инженер-электротехниктер энергия жүйелерін жобалау немесе электр жабдықтарының өндірісі салаларында, инженер-электроншылар байланыс, сигналдарды өңдеу және басқару жүйелері салаларында мамандандырылады. Олар басқару және авиациялық электроника салаларының бірінде жұмыс істейді.

Құрылыс және экологиялық инженерия саласының инжерелік іс бакалавры

Азаматтық құрылыс – біздің күнделікті өмірімізбен, атап айтқанда тұратын жеріміз (құрылысты жобалау), мысалы, жүретін жолдар немесе автобус маршруттары (геотехникалық және көлік инженериясы), суды краннан алу және тұрмыстық санитариялық жағдайлар (экология және су ресурстарын жобалау) сияқты мәселелермен тығыз байланысты инженерлік мамандық. Инженер-құрылысшылар антропогенді ортаға керектің бәрін салады және біздің айналамызды жақсартуға және көркейтуге тырысады. Олар біздің күнделікті тіршілігімізбен тығыз байланысты. Олар жолдар, көпірлер, су және энергетикалық жүйелер, кемежайлар, темір жолдар, әуежайлар және тұрғын үй кешендері сияқты, әртүрлі типті мемлекеттік және жеке объектілерді жобалау, салу және эксплуатациялау арқылы микро және макро деңгейлердегі ортаны қалыптастырады.