Біз туралы

Оқуға түсуге құжаттарды қабылдау қашан басталады? Мен қалай құжаттарды ұсына аламын?
Назарбаев Университеті Мектептерінің бакалавриат бағдарламаларына түсу Қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады және қабылдау екі түрі бар:
  • Тікелей түсу
  • Студентті көшіру
Нақты ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
Мектепке түсу талаптары қандай? Оқу ақысының мөлшері қандай?

Сіз төмендегі сілтемені пайдалана отырып, бакалавриат бағдарламаларына қабылдау талаптары туралы толық ақпаратты таба аласыз:
LIST OF REQUIRED DOCUMENTS FOR ADMISSION COMPETITION .

Оқуға түсу емтихандарын сәтті тапсырған студенттер мемлекеттік білім беру грантында оқиды, ол студенттің оқу кезіндегі шығыстарын жабады. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес 500 мемлекеттік білім беру гранттарын бөледі. Магистратура және PhD студенттерін оқыту Жоғары бизнес мектебінің бағдарламаларынан басқа, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүргізіледі.

Жатақхана беріле ме? Ол қайда орналасқан?

Студенттерге жайлы тұрғын бөлмелер беріледі және жоғары деңгейде қызмет көрсетіледі. Студенттік жатақхана  кампуста орналасқан, ыңғайлы бөлмелер барлық қажетті заттармен жарақтандырылған. Барлық блоктардың әр қабатында тегін Wi-Fi, кір жуу машиналары мен тоңазытқыштар бар. Студенттерге өзіндік жұмыс үшін арнайы бөлмелер беріледі.

Егер мен емтиханды өткізіп алсам, қалай болады?

-

Емтиханда сөздікті немесе калькуляторды пайдалануға рұқсат етіле ме?

Студенттерге емтиханға сөздікті алып келуге тыйым салынады. Студенттерге Мектеп бекіткен калькуляторларды пайдалануға болады. Кез келген баспа материалдары мен электрондық құрылғыларды өзімен алып кіруге тыйым салынады.

Егер мен өзімнің калькуляторымды немесе шкаф кілтін жоғалтып алсам, қалай болады?

Мектеп берген калькуляторды жоғалтқан жағдайда сіз өзіңіз жаңасын сатып алуға тиіссіз. Сіз Мектептен кеткенде себептеріне қарамастан, калькуляторды және шкафтың кілтін қайтаруға тиіссіз. Шкаф кілтін жоғалтқан жағдайда сіз Мектеп әкімшілігінен кілттің төлнұсқасын алып, көшірмесін жасай аласыз. Содан кейін кілттің төлнұсқасын әкімшілікке қайтару керек. Мектептен кеткен жағдайда кілттің екеуін де қайтаруға тиіссіз.

Мен оқудан шығарылған жағдайда ақшаны қайтаруға тиіспін бе?

Студент оқудан шығарылған жағдайда бөлме мен тамақтану үшін бөлінген ақшаны қайтаруға тиіс. Сонымен қатар, студент шетелдік сапарлар (конференциялар, форумдар және т.с.с.) үшін төленген ақшаны да қайтаруға тиіс. Оқуға төленген төлемақы қайтарылмайды.

Университетке түсу үшін дайындық бағдарламасының талаптарымен танысу үшін Студенттік істер департаментіне хабарласыңыз. +7 (7172) 70 63 80, 70 60 86, 70 65 83, 70 60 82

Курсқа тіркелу рәсімі қандай? Элективтік курстарды регламенттейтін қағидалар мен талаптар қандай?

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі ТЕК ҚАНА элективтік курстарды және қазақ тілі курстарын тіркейді. Студенттер негізгі курстарға автоматты түрде оқуға алынады. Курсқа тіркелу үшін Регистратор офисінің нұсқауларын сақтаңыздар: here.

Ауырып қалған немесе шетелдік конференцияларға барар жағдайда маған не істеу керек? Менің қатысу көрсеткішім қалай есептеледі?

Дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда назарға алынатын* және жасалатын іс-әрекеттер:

  1. Түсіндірме жазба нысанын осы жерден жүктеп алып, оны басып шығарып, толтырыңыз. Нысанды толтырған кезде қатыспаған сабақтарыңызды, күндерін және сізге қатысты бөлімін көрсетіңіз. Бұл тапсырмаға да қатысты.
  2. Растайтын құжаттар (медициналық анықтаманы** немесе отыратын орындарымен тағылымдамадан өту/ конференциялар туралы растау хаттарды) қоса беріледі және оларды Мектептің әкімшілігіне ұсыну керек. Мектеп әкімшілігі құжаттарды басып шығарып бермейді, сондықтан нысанды өзіңіз басып шығарып алыңыз.

* Дәлелді себептер:

– науқастану;

– Мектептің мақұлдауымен оқуға қатысты тағылымдама/конференция және т.с.с.

** барлық медициналық анықтамаларға Университеттің медициналық қызметкері қол қоюға тиістігін ескеріңіз. Егер анықтаманы басқа медициналық мекеме берсе, сізге оны Университетте медициналық қызметкер куәландыруы тиіс. Содан кейін сіз оны түсіндірме жазба нысанына қоса беріп, Мектеп әкімшілігіне тапсырасыз.

Әрбір сабақ (дәріс) үшін сіз 2 деген балл аласыз, қатыспаған сабақ үшін  – 0 деген балл беріледі. Дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда сіз 1 деген балл аласыз.

Егер мен мамандығымды ауыстырғым келсе не істеуім керек?

Студент үш семестр ішінде мамандануының негізгі пәнін ауыстыра алады. Ол үшін студент Регистратор офисінің вебсайтында берілген ауыстыру нысанын толтыруға тиіс. Студент нысанда көрсетілген барлық қолтаңбаларды алуға және оны сабақтар басталғанға дейін Мектеп әкімшілігіне тапсыруға тиіс.

Мен басқа Мектепке ауыса аламын ба? Ол үшін не істеу керек?

Ауыстыру/өтінішті берудің екі тәсілі бар:

  1. Басқа университеттерден ауысу
  2. Ну Мектептерінің арасында ауысу (ішкі ауысу)​

Ішкі ауысулар

Оқуға түскеннен кейін Мектепті/мамандықты ауыстыруға рұқсат етіледі. Университет студенттерді ішкі ауыстыруды келесі шарттар мен талаптарға сәйкес жүргізеді:

– студентті ауыстыру өтініш бекітілгеннен кейін келесі семестрде күшіне енеді;

– Нақты ақпарат алу үшін сіз ауысқыңыз келген Мектеппен хабарласыңыз. Әр Мектепте өздерінің ауыстыру талаптары бар;

Студентті ішкі ауыстыруға қабылдайтын Мектепте бос орын болғанда және сол Мектептің қалауы бойынша жол беріледі.

Ішкі ауыстыру тәртібі:

Студент ішкі ауыстыруға арналған нысанды толтыруға және оны қабылдайтын Мектептің Деканына немесе басқа уәкілетті тұлғасына ұсынуға тиіс.

Егер өтініш көрсетілген талаптарға сай келсе, ол Мектептің Қабылдау комиссиясына қарауға жіберіледі.

Ауыстыру туралы шешімдер  әдетте өтініш иесінің қабылдануының, академиялық үлгерімі мен ағылшын тілін меңгеруінің негізінде қабылданады.

Қабылдау комиссиясы өтініш иесін қабылданған шешім (оң немесе теріс) туралы электрондық пошта арқылы хабардар етеді, содан соң ресми хат жіберіледі.