Кафедралар

Химиялық инженерия саласындағы инженер мамандығы

Инженер-химик шикізат материалдарын адам өміріне жан-жақты әсер ететін пайдалы өнімдерге айналдырады. Бұл өнімдердің көбісі – сабын, жуу құралдары, косметика, тәрізді мұнай мен табиғи ресурстардан алынатын тауарлар, сұйық және газ тәрізді отын, синтетикалық талшықтар мен пластмассалар. Мұнай-химиялық сала көптеген ғалымдар мен инженерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуін жалғастыруына қарамастан,   инженер-химик қымбат тұратын химикаттар мен өнімдерге, биохимикаттар мен электрондық материалдарға бағытталған, керамика негізіндегі технологиялар, нанотехнологиялар сияқты, жаңа және тым жаңа технологияларды әзірлеуге қатысуға дайын. Бұдан басқа,  инженер-химик тұрақты даму үшін  энергиямен қамтамасыз ету проблемалары, жасыл энергия және қоршаған ортаның ластану проблемалары туралы ақпаратқа толыққанды ие болуы тиіс.

Қазақстанда әлемдік маңызы бар пайдалы қазбалар мен мұнайдың елеулі қоры бар. Барлық осы ресурстар отын мен химиялық өнімдер үшін шикізат болып табылады. Инженер-химиктер оларды өткізуге жарамды өнімдерге айналдырады. Инженер-химиктің негізгі міндеті – қазақстандық өнімнің халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін баға бойынша жоғары сапалы өнімді химиялық өнеркәсіптің шығаруын қамтамасыз ету. Инженер-химиктер сондай-ақ көптеген салаларда жұмыс істейді және  биомедициналық материалдар, жартылай өткізгіштер, микроэлектроника, нанотехнология, қоршаған ортаның сапасы және өнеркәсіп қауіпсіздігі сияқты, әртүрлі салаларда мансапты дамытады. Біздің инженерлер алатын сапалы білімінің және Университеттің инженерлік білім беру саласындағы әлемдік деңгейдегі мәртебесінің арқасында жоғары сұранысқа ие болады деп күтілуде. Біздің түлектеріміздің көбісі сөзсіз Орталық Азия мен Еуразиядағы инженерлік-техникалық қоғамдастықта болашақ көшбасшылар болады. Біздің химиялық инженерия бағдарламамыз бірқатар маңызды компоненттерді қамтиды. Мысалы, біздің бағдарлама Қазақстандағы өнеркәсіппен және мемлекеттік мекемелермен тығыз байланысты қолдайды, олар біздің студенттерімізге өздерінің білімін арттыруға және мансабын дамытуға бірегей мүмкіндік береді. Біздің үздік студент-бакалаврларымыздың кейбіреуі халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс істеу үшін оқытушы-профессорлар құрамымен белсенді өзара әрекеттеседі. Келіңіз, бізге қосылыңыз. Көп жұмыс істеуге дайын болыңыз, оның кепілі – жарқын болашақ.

Назарбаев Университетінде химиялық инженерияны оқыту

Химиялық инженерия – бұл инженер-химиктерді пән бойынша терең біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар барынша қызығушылық тудыратын аспектілерде мамандануға мүмкіндік беру үшін әзірленген, біз ұсынатын әртүрлі пәндер мен бағдарламалар. Бағдарлама бойынша оқытудың бірінші және екінші жылдары химиялық инженерияның негізгі қағидаттары зерделенеді. Бұған материалдарды араластыру, бөлу және өзгерту, химиялық реакторларды жобалау және іске қосу, процестерді басқару, сондай-ақ өндіретін өнімдер құрылымының олардың функцияларына әсері кіреді. АТ саласындағы дағдылар жетілдіріледі және кеңінен қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етулерді пайдалану, соның ішінде автоматтандырылған жобалау (CAD)  және процестерді модельдеу тәжірибесі көрсетіледі. Математика, химия және физика түсінік беру кезеңінде барлық курстардың негізіне салынған, бұл сізге оқытылатын материалды білуге және оның өзектілігін көруге мүмкіндік береді. Біз сұраныс пен тақырыптық зерттеулер негізінде жүргізілетін оқу, жобалық жұмыс арқылы студенттеріміздің өз оқуы мен дамуы үшін жауапкершілігін мойнына алуын қолдаймыз.

Оқытушылар құрамы

ChME faculty 2019

Ұсынылатын бағдарламалар: