Кафедралар

robotics4

Робот техникасы – бұл ақылды машиналарды, сондай-ақ олардың интеллектін қамтамасыз ететін компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен, шығарумен және қолданумен айналысатын ғылым мен техника саласы. Мехатроника – бұл көптеген «зияткерлік» немесе «ақылды» функцияларды қамтитын, өндіру мүмкіндігі жоғары гибридтік жүйелерді жобалаудағы механикалық, электрондық және компьютерлік инженерия  интеграциясы. Робот техникасы және мехатроника саласының пәнаралық инженерлік саласы инженерлік тұрғыдан автоматиканы зерделейді және қолжетімді баға бойынша тиімділігі жоғары шешімдерді әзірлейді.

73502
73500 1

Contact us:

e-mail:
seds_admissions@nu.edu.kz

Landline:
+7 (7172) 706423 , +7 (7172) 694536 (Program related questions)

Admissions call-center:
+7 (7172) 70 65 55

Кеңінен таралатын тәжірибеге негізделген Робот техникасы және Мехатроника бағдарламасы барлық салалардағы күрделі жүйелер мәселелерімен айналысатын және ұйымдастыруда жетекшілік ететін студенттерге арналған. Практикалық оқыту тәсілі студенттерге адами факторларды және түпкілікті пайдаланушыны анықтап, қоғамның көптеген қызықты, маңызды және күрделі проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.   Біздің түлектеріміз механикалық, электрондық және компьютерлік инженерия пәндері бойынша күрделі білім мен дағдылар кешеніне ие болады. Олардың компьютерлік өндірістік жүйелер мен автоматтандыру жабдықтарын пайдалана отырып, жоғары технологиялық салаларда, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер орталықтарында жұмыс іздеуде басымдықтары болады. Бағдарлама біздің түлектеріміздің әлемнің жетекші оқу орындарында оқуын жалғастыруына мүмкіндік беру үшін әзірленген.

Робот техникасы және мехатроника кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы  робот техникасы, мехатроника, автоматтандыру, өндіріс және машиналық оқыту саласындағы мол тәжірибесімен бөліседі. Жылдам дамып келе жатқан кафедра жаңа оқулықтармен және заманауи зерттеулерге қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, жаңа жабдықтары бар зерттеу зертханаларымен жабдықталған. Лазерлік сканерлер, 3D-принтерлер, баспа машиналары мен престер, өнеркәсіптік робот-манипуляторлар, мобильді роботталған жүйелер, қозғалыс жүйелері, қосымша көрініс көзілдірігі, тактильді навигация және қозғалысты басқаруды баптау тәрізді заманауи жабдықтар біздің студенттерге қолжетімді және біздегі оқу бағдарламаға енгізілген.

Кафедра қазір Білім министрлігі, Назарбаев Университетінің Зерттеу және инновациялар жүйесі мен Дүниежүзілік банк қаржыландыратын бірнеше зерттеу жобаларын іске асыруда. Біздің кафедрамыз зерттеуге бағытталған, медициналық және өнеркәсіптік робот техникасы, орнатылған жүйелер, зияткерлік басқару және озық өндіріс саласындағы оның зерттеу қызметіне үлес қоса алатын үміткерлерді жинақтайды.

Ұсынылатын бағдарламалар: