Оқуға түсу

Тіркеу кезеңдері

 

1 қадам

Жеке кабинет ашу

Жеке кабинет құру үшін www.admissions.nu.edu.kz  порталында тіркелесіз.

 

2 қадам

Өтініш нысанасын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу

Аппликациялық нысанды толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз:

1.  Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін.

2.  Қосымшасы бар аттестаттың немесе оқу орнынан ағымдағы/алдын бағалары бар анықтаманың  сканерленген көшірмелері.

3.  Дербес деректерді өңдеуге қол қойылған және сканерленген келісім (Жеке кабинеттегі үлгіге сәйкес)

4.  Уәждеме хат

5.  IELTS немесе TOEFL сертификатының көшірмесі

6.  SATACT және т.б. сертификаттарының көшірмелері. 

 3 қадам.

Тіркеу жарнасын төлеу

Тіркеу жарнасын онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді. ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы   5000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер  үшін 14 000 теңгені құрайды.

Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

Одан арғы қадамдар Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтінішіңіздің жағдайы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.


Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселер орын алса undergraduate_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге немесе +7 7172 706555 қоңырау шалуыңызға болады.

 

ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

 

Бакалавриат лифлеті

 Сұрақтарыңыз бар ма? Бізге жазыңыз!