SEDS баспасөзде

SEDS баспасөзде

Жанат Махатаева есте сақтау қабілеті бұзылған адамдарға арналған қосымшасы  туралы Irish Tech News подкастында әңгімелеп берді

NU SEDS Робототехника кафедрасының PhD студенті Жанат Махатаева адамның жады мен қабылдауын жақсартатын ExoMem атты қосымша ойлап тапты. Жанат подкастта қосымша, Microsoft HoloLens және Microsoft корпорациясының  Лондондағы кеңесесіндегі  тағылымдамасы  туралы да айтып берді.

SEDS news 5

 

https://irishtechnews.ie/zhanat-makhataeva-phd-candidate-in-robotics-engineering-at-nazarbayev-university-school-of-engineering-and-digital-sciences-on-the-human-memory-augmentation-app-she-is-developing/

 

 

 

Жөтел анализаторы респираторлық ауруларды анықтау үшін жасанды интеллектіні қалай пайдаланады?

NU SEDS  Қауымдастырылған профессоры Мартин Лукач пен NUSOM Ассистент профессоры Алессандра Клементи CoughAnalyzer қосымшасында  науқастарды диагностикадан өткізу үшін жөтел жазбасы мен жасанды интеллектіні қалай қолдануға болатынын зерттейді. Толығырақ Med-Tech Innovation News-те.

https://www.med-technews.com/medtech-insights/ai-in-healthcare-insights/how-a-cough-analyser-will-use-ai-to-identify-respiratory-dis/

 

 

SEDS news 6

 

 

Интернет алаяқтарына алданып қалмас үшін не істемек керек: IT-мамандығы cтудентінің кеңестері

Интернет алаяқтарына алданып қалмас үшін не істемек керек? Жыл сайын саны артып келе жатқан кибершабуылдардан өзіңізді қалай қорғауға болады? Киберқауіпсіздік - ықтимал қауіптен бір қадам алда тұруды қамтамасыз ететін әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан сала. Киберқауіпсіздікпен айналысатын мамандарға еңбек нарығында сұраныс жоғары әрі жалақылары да қомақты. НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің студенті Айдар Тоқтарғазин жеке деректерді қорғаумен айналысады. Ол журналистерге интернеттегі алаяқтардан қорғану жолдары туралы айтып берді. Толығырақ «Еларна» телеарнасындағы «Gamers.IT» бағдарламасында.

 

 

NU SEDS ғалымдары көміртегі шығарындыларын азайту үшін бірнеше жобаларды жүзеге асыруда

Париж келісіміне қатысушы Қазақстан 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 15 пайызға қысқартуға міндеттенді. Дегенмен, ластану қарқыны жыл сайын артып келеді және құжатта көрсетілген көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі әлемдегі нақты көрсеткіштерге сәйкес келмейді.

НУ ғалымдары Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының профессоры әрі «National Laboratory Astana» мекемесіндегі Жасыл энергетика және қоршаған орта зертханасының меңгерушісі Вужин Лидің жетекшілігімен көміртегі шығарындыларын азайту бойынша бірнеше жобаларды қолға алды. Бірі – көмірқышқыл газын секвестрлеу, екіншісі – көмірқышқыл газын өңдеуге арналған катализаторларды жасау. Осы жобалардың  біріне  мектеп магистранты Нұрлан Сейсенбаев қатысуда. Ғалымдар өздерінің зерттеулері туралы «Еларна» телеарнасының «Lab.kz» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

 

 

 

NU SEDS студенті Әділет Зейнекен "Еларна" телеарнасындағы "GAMERS.IT" бағдарламасында қонақта

Ұялы телефонға арналған қосымшыларды кімдер жасайды? Еңбек нарығында мұндай мамандық иелерін мобайл девлопер деп атайды. Назарбаев университетіндегі Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі Компьютерлік ғылымдар кафедрасының студенті Әділет Зейнекен  еңбек жолын бірінші курста шетелдік компаниялардың бірінде бастаған. Айтуынша, Қазақстан бұл салада әлемнің дамыған елдерімен иық тірестіре алатындай деңгейде.  Тіпті отандық программистер әлемдік еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Әділеттің  ұялы телефондарға қосымшылар жасау тақырыбындағы сұқбаты  "Еларна" телеарнасындағы "GAMERS.IT" бағдарламасында.

Қазақстанда нейроинтерфейсті кімдер дамытуда және НУ қабырғасында құрастырылған экзоскелеттің мүмкіндіктері қандай?

Сөйлей алмайтын адамның ойын білуге болады ма?  Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ғылыми қызметкері Жеңіс Отарбаевтың жобасы осы сұрақтың шешімін табуға бағытталған. Жеңіс нейроинтерфейстің  медицинада қолдану аясын кеңейту арқылы отандық нейрореабилитацияны дамытуға ат салысуда. Бұл түрлі себептермен қолы мен аяғы жұмыс істемей қалған және сөйлеу қабілеті бұзылған  адамдарды оңалту процесін тездетеді. Бұл себептер инсульт, церебральды сал ауруы немесе Паркинсон ауруы болуы мүмкін. Олардың миындағы импульстер  электроэнцефалограмманы тіркеуге арналған электродты бас киім  арқылы оқылады. Жалпы бүгінгі күні ми-компьютер интерфейсі (МКИ) көптеген неврологиялық патологияларды емдеуде болашағы зор құрал болып табылады.

«Мидағы ақпаратты алудың екі түрлі тәсілі бар. Инвазивті және инвазивті емес. Біздікті инвазивті емес. Мидағы сигналдар электродты бас киім  арқылы алынады. Ол сигналдар компьютерге түскенде адамның не айтқысы келгенін иә болмаса қандай қимыл-қозғалыс жасағасы келгенін яғни  ойын білуге болады»,-дейді Жеңіс Отарбай.

Мидың сигналдарын оқитын құрылғының тағы бірі - басқа арналған таңғыш . Жас ғалым Дархан Жолтаевтың айтуынша, біріншісінен басты айырмашылығы батареямен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Бұл мүгедектігі бар адамдарға арбаны басқаруға мүмкіндік береді.

Университет қабырғасында ғылыми жоба ретінде басталған жұмыстар бүгінде медицинада әлеуеті жоғары шешімдерге айналуда. Соның тағы бірі -  медициналық экзоскелет.  Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің магистранты Шыңғыс Дәулетбаевтың айтуынша,  бұл тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды яғни  өздігінен жүре алмайтын адамдарды оңалтуға арналған.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіне қарасты лабороториялардың бірінде жүргізіліп жатқан осы үш ғылыми жоба туралы егжей-тегжейлі «Хабар 24»   арнасындағы «Диагноз» бағдарламасы айтып берді.

 

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы, 27.03.2021 (Профессор Мартин Лукач)

Дереккөз: https://qazaqstan.tv/index.php/videos/138746

Хабар-24 телеарнасы, 22.03.2021 (ИЦҒМ-ның студенттері мен түлектерінің жобалары)

Дереккөз: https://24.kz/ru/tv-projects/nauka/item/462964-o-nauchnykh-razrabotkakh-molodykh-kazakhstantsev-nauka

Хабар-24 телеарнасы, 01.03.2021 (ИЦҒМ-ның НУ студенттері Темирлан Галымжанов және Аян Мажитов, Робототехника кафедрасының Tactile Robotics Laboratory ғылыми көмекшілері Ғылым тележобасында)

Дереккөз: http://24.kz/ru/tv-projects/nauka/item/458765-kak-razvivayut-robototekhniku-v-kazakhstane-nauka

Хабар-24 телеарнасы, 08.02.2020 (ИЦҒМ-ның постдокторанттары Гулнур Калимулдина және Айшуак Конаров "Ғылым" тележобасында "Аккумулятор қалай жұмыс істейді?" шығарымда қатысты)

Дереккөз: https://24.kz/kz/telepoject/gylym/item/454323-ylym-i-akkumulyator-alaj-zh-mys-istejdi

Еуразия бірінші арнасы, 06.12.2020 (ИЦҒМ-ның студенттері мен түлектерінің жобалары)

Дереккөз: https://www.youtube.com/watch?v=hCYDsZ-tWT8

Хабар-24 телеарнасы, 02.11.20 (Профессор Даниеле Тосси)
Дереккөз: https://24.kz/kz/telepoject/gylym/item/433750-ylym-i-khimioterapiya

Хабар-24 телеарнасы, 09.11.20, (ИЦҒМ-ның профессоры Дана Акылбекова)

Дереккөз:  https://24.kz/ru/tv-projects/nauka/item/435197-stvolovye-kletki-nauka

Хабар-24 телеарнасы, 28.02.20 (PhD студенті Ербол Сарбасов) Дереккөз: https://www.youtube.com/watch?v=rSdV_mp0-xA&feature=emb_logo 

"Хабар" телеарнасы, 22.01.2019

Дереккөз: https://khabar.kz/kz/syuzhetter/item/109785-bolasha-t-lekteri-energetika-salasyn-damytudy-ol-a-aldy#

2021 © School of Engineering and Digital Sciences