Студенттер

Назарбаев Университетінде студенттерге әртүрлі қызметтер ұсынылады. 

Қауіпсіздік және қызмет көрсету. University Service Management төтенше жағдайлардан, криминалдық және басқа да келеңсіз жағдайлардан қорғау, төтенше жағдайларда эвакуациялау және жасалатын іс-әрекеттер жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылау жөніндегі әртүрлі шараларды жүргізеді. Университет аумағында күзет қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Әр блокта бейне бақылау орнатылған, күзет қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Жатақхана. Студенттерге жайлы бөлмелер ұсынылады және жоғары деңгейде қызмет көрсетіледі. Студенттік жатақхана кампуста орналасқан, жайлы бөлмелерде барлық заттар бар. Барлық блоктардың әр қабатында Wi-Fi-ға тегін қосылуға болады, кір жуу машиналары мен тоңазытқыштар бар. Студенттерге өзіндік жұмыс жасауға арналған бөлмелер беріледі.

Демалу бөлмесі. Жатақхананың бірінші және екінші қабаттары студенттердің белсенді демалуына арналған. Бұл қабаттарда олар теледидар, DVD қарайды, пианино тартады,  билейді және үстел теннисін ойнайды.

Спортпен шұғылдану. Университет аумағында жазда футбол, волейбол және қыста хоккей ойнауға немесе коньки тебуге арналған спорт алаңдары орналасқан.

Медициналық қызмет көрсету. Жатақханада дәрігер кабинеті және шағын аурухана орналасқан.

Асхана. Асхана жаңа ас дайындау жабдықтарымен жарақталған. Кәсіби аспаздар күн сайын жаңадан, табиғи және сапалы өнімдерден ас әзірлейді. Ас мәзірі тұрақты жаңартылады, бұл әртүрлі және дәмді тағамдардан тұратын, пайдалы тамақ рационын жасауға мүмкіндік береді. Студенттерге 1000 орынды үлкен залда күніне төрт рет тегін тамақ беріледі.

 

Кітапхана. Университет күн сайын кешке дейін жұмыс істейтін, заманауи кітапханамен қамтамасыз етілген. Кітапхана қоры апта сайын кітаптарды, компакт-дискілерді, мерзімдік басылымдарды және анықтамалық материалдарды қоса, мыңдаған жаңа материалдармен, толықтырылады. Кітапхана сондай-ақ бірқатар электрондық ресурстарға жазылған. Кітапхананың қорындағы материалдардың көбісі Cambridge University Press, Oxford University Press, Pearson, McMillan, McGraw-Hil басылымынан және басқа да беделді басылымдардан алынады.

 

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің кітапханашысы – Дарья Звонарева

 

Кітапханашы Мектептің академиялық департаменттері мен зерттеу орталықтарымен байланыстағы тұлға болып саналады. Зерттеулер жүргізуді, оқыту және оқуды қолдау үшін:

  • зерттеу мәселелері жөнінде күндізгі немесе онлайн жеке немесе топтық консультация беріледі;
  • сілтемелерді басқару құралдарымен көмек көрсетіледі;
  • авторлық құқық және ғылыми коммуникация бойынша консультация беріледі;
  • жаңадан келген студенттерге, оқытушы-профессорлар құрамы мен зерттеушілерге бағыт-бағдар беріледі;
  • ақпараттық сауаттылық және орнатылған оқыту бағдарламалары ұсынылады;
  • жинақтар әзірленеді – оқулықтар мен анықтама материалдарына тапсырыс беріледі;
  • кампуста қосымша қолданатын байланыстар орнатуға көмек көрсетіледі.

Байланыс ақпараттары:

Email: darya.zvonareva@nu.edu.kz

Телефон: +7 (7172) 70-59-41

5 блок, офис 5e.322

http://library.nu.edu.kz