Студенттерді қолдау

Студенттерді қолдау

Мектеп әкімшілігі

Мектеп әкімшілігі студенттерге оқуда жәрдемдеседі. Студенттер әкімшілікке оқу процесіне қатысты және жеке сұраныстарын жібереді. Әкімшілік білім беру миссиясын қолдайды, студенттердің нақты, құпия тапсыру ведомостерін толтырады.

Әкімшілік:

  • Мектепке оқуға түсу процесін,
  • курстар кестесін жасау процесін,
  • студенттерді тіркеу процесін,
  • бағаларды қою процесін,
  • студенттердің сабақтарға қатысуын,
  • студенттердің үлгерім мәселелерін,
  • НУ мен Мектептердің академиялық саясаты мен рәсімдерінің іске асырылуын,
  • сапаны бақылау механизмдеріне сәйкес емтихан процесін үйлестіреді.

Консультанттар

Консультанттар – студенттің оқуына әсер ететін қиыншылықтар туындағанда бірінші болып көмекке келетін маман. Консультанттар студенттерге қатысты ұсыным хаттар жазады, оларды тыңдайды және олардың проблемалары болғанда көмектесуге тырысады немесе студентті оларға көмектесе алатын басқа мамандарға жібереді. Консультанттар қосымша оқу қажеттіліктеріне, мысалы, кәсіптік даярлауға қатысты ұсынымдар береді. Консультант Мектеп әкімшілігінен немесе студенттердің өздерінен жеке бастамасы бойынша, студенттер кездестіруі мүмкін проблемалар туралы ақпарат алуы мүмкін. Консультант кез келген уақытта студенттердің істеріне қол жеткізе алады. Консультант студенттердің жеке, психикалық проблемаларын анықтай алады. Мұндай жағдайда бұл мәселені Мектеп әкімшілігінің назарына жеткізу керек. Одан соң әкімшілік мамандардың көмегін алу үшін Студенттік істер департаментіне немесе НУ кеңесшілеріне өтініш жасай алады.

Студенттік істер департаменті

Студенттік істер департаменті – міндеттеріне студенттік өмірмен байланысты стратегиялық саясатты әзірлеу және іске асыру, студенттік үкімет пен ұйымдардың қызметіне көмек көрсету, сондай-ақ университеттермен және мектептермен тығыз ынтымақтастықта студенттік істерді күнделікті басқару кіретін, қарқынды дамып келе жатқан жетекші бөлімше. Студенттік істер департаментінің қызметкерлері зияткерлік жетекшілік, жеңіл атлетика, орындаушылық және бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс бағдарламаларды әзірлеуде оқытушылармен және студенттермен өзара тығыз қарым-қатынас жасайды.

 

Оқушылар арасындағы консультациялық жұмыс

Студенттерге арналған консультациялар тікелей оқуға қатысты немесе қатысы жоқ, кез келген жеке мәселелерде көмек көрсетеді. Консультанттар студенттерге проблемаларын шешуге, жеке немесе эмоциялық сипаттағы қиындықтарын жеңуге, Назарбаев Университеті беретін мүмкіндіктерді барынша пайдалануға көмектеседі. барлық көмек қатаң құпия түрде беріледі.

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы – бұл барлық студенттерге мамандық таңдау, кәсіби жоспар құру, тағылымдама немесе жұмыс іздеу, жоғары мектептің мүмкіндіктерін зерделеу және академиялық білімнен мансапқа көшу туралы ақпарат алуға арналған ресурс.