Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі (NU SEDS) Электротехника және компьютерлік инженерия (ECE) кафедрасының 4 курс студенті Әнел Мұрат АҚШ-та орналасқан Электротехника және электроника инженерлер институтына (IEEE) қарасты Антенна және тарату қоғамының (AP-S) бакалавриат студенттеріне арналған беделді Жазғы Зерттеу Стипендиясын (USRS) жеңіп алды. Әнел аталған мараптпен бірге 3,000 АҚШ долларына ие болды.
Алдағы 16 апта ішінде Әнел өзінің Келесі 16 апта ішінде Әнел өзінің «Биомедициналық қолданбаларға арналған MS және ML қолдауы бар жоғары өнімді DGS типті сымсыз ақпарат және қуат беру (WIPT) жүйесі» зерттеу жобасы бойынша жұмыс істейді.
Сондай-ақ Анель келесі жылдың шілдесіне жоспарланған 2025 IEEE AP-S/Халықаралық радио ғылымдар одағы (URSI) симпозиумында баяндама жасауға шақырылды.
Оның тәлімгері, Электротехника және компьютерлік инженерия (ECE) кафедрасының оқытушысы, профессор Мохаммад Хашмиді айтуынша, «Штаб-пәтері Америка Құрама Штаттарында орналасқан IEEE адамзат игілігі үшін технологияны дамытуға бағытталған әлемдегі ең ірі кәсіби техникалық ұйым болып табылады. Антенна және тарату қоғамының (APS) студенттік ғылыми-зерттеу стипендиясы - бұл бүкіл әлем бойынша бірнеше студентке ғана берілетін беделді марапат. Өтінімдерді қараудың қатаң процесі Әнел Мұратқа берілген бұл марапат НУ-дағы радиожиілік/микротолқынды технология бойынша білім беру мен зерттеудің сапасы ерекше жоғары екендігінің дәлелі».
Аталған марапат әрі студент пен оқытушы арасындағы табысты ынтымақтастықтың нәтижесі. Анель мен профессор Хашми ұсынысты әзірлеуге, зерттеу бағыттарын талқылауға және жобаны аяқтауға бірнеше апта жұмсады. Бұл жетістік НУ студенттерінің білім деңгейінің жоғары екендігін және дұрыс тәлімгерліктің арқасында табысқа жетуге қабілетті екенін көрсетеді. НУ-дың инфрақұрылымы мен ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері студенттер мен оқытушылар командасына әлемдік аренада танымал болуға мүмкіндік береді.
Марапатқа ие жоба кардиостимуляторлар, имплантанттар және киілетін сенсорлар сияқты медициналық құрылғыларға арналған сымсыз қуат технологияларын дамытуға бағытталған. Жоба сонымен қатар электронды денсаулық сақтау технологияларын дамытудың маңызды бағыты болып табылатын пациенттер деректерін қашықтан тіркеу және бақылау әдістерін әзірлеуді мақсат етеді.
Команда жүйенің прототипін жасап, оны коммерцияландыруға көшуді жоспарлап отыр. Бұл келесі кезең зерттеулерді ілгерілетіп қана қоймай, биомедициналық электрониканың дамуына елеулі үлес қосады.