News_KZ

NU SEDS студенттері Air Astana әуе компаниясының ангарына екі күндік экскурсия жасады

24 және 28 ақпанда Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі Механикалық және аэроғарыштық инженерия мамандығының студенттері Астана әуежайындағы «Эйр Астана» әуе компаниясының ангарында болып, ауыр ұшақтарға қызметтің қалай көрсетілетінін көріп қайтты.

Механикалық және аэроғарыштық инженерия (MAИ) кафедрасының меңгерушісі, профессор Эссам Шехабтың мұрындық болуымен ұйымдастырылған екі күндік экскурсияға 32 студент қатысты. Профессор Эссам аталған компаниямен соңғы 4 жылдан бері ынтымақтастықта. Ангарға студенттермен бірге MAИ оқытушысы, профессор Басман Эльхадиди және Флорида штатындағы Эмбри-Риддл аэронавтика университетінің профессоры Владимир Голубев те барды.

Экскурсия барысында «Эйр Астана» АҚ техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері Роберт Дандо әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін, желілік немесе жеңіл техникалық қызмет көрсетуден бастап күрделі техникалық қызмет көрсетуге дейін (C- және D-чектері) түсіндірді.

Студенттерді авиация саласында жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар қызықтырды.