News_KZ

SEDS студенттері броньды дөңгелекті көліктер өндірумен айнлысатын Орталық Азиядағы ең ірі компания «Kazakhstan Paramount Engineering» зауытында болды

11 қазанда Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) Механикалық және аэроғарыштық инженерия (MAE) кафедрасының 21 студенті броньды дөңгелекті көліктер өндірумен айнлысатын Орталық Азиядағы ең ірі компания «Kazakhstan Paramount Engineering» зауытында (KPE)» ЖШС зауытын аралап қайтты. Экскурсия барысында студенттер теориялық білімдерін нақты өндірістік тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік беретін бронетранспортер жасаудың озық технологияларымен танысты.

Механикалық және аэроғарыштық инженерия (MAE) кафедрасының меңгерушісі, профессор Эссам Шехабтың жетекшілігімен студенттер қаңылтыр металл өңдеуден бастап заманауи жауынгерлік машиналарды шығаруға дейінгі толық өндіріс процесін тамашалады. «Біздің студенттер металды кесу мен майыстырудан бастап оқ өткізбеуге сынаумен қатар соңғы құрастыруға дейінгі барлық процестің куәсі болды», - дейді профессор Шехаб. Профессордың айтуынша, бұл тәжірибе оларға курс материалын және өңдеу өнеркәсібінің қалай жұмыс істейтінін жақсы түсінуге көмектеседі».

Сапар барысында SEDS оқу бағдарламасымен тығыз байланысты инновациялық технологиялар көрсетілді. «Kazakhstan Paramount Engineering компаниясының инженерия, өндірістік технология және материалтану саласындағы тәжірибесі біздің студенттер оқитын пәндерді толықтырады», - дейді профессор Эссам Шехаб. Ол сондай-ақ өнеркәсіппен ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта «Эйр Астана» және жергілікті электр станциялары сияқты компанияларды да аралап көру жоспарланғанын жеткізді.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде Механикалық және аэроғарыштық инженерия бакалавры бойынша білім жатқан әрі NU IMechE (НУ инженер-механиктері институтының студенттік бөлімі) президенті Айбол Қалабай құрастыру процесімен танысудың маңыздылығын атап өтті. «Ең қызықты сәт электрониканың интеграциясы қарапайым көліктерді интеллектуалды жауынгерлік жүйелерге қалай айналдыратынын көру болды. Мәселен, Алан 2 көлігін жасау үшін қолданылатын технологиялар әскери инновациялардың алдыңғы қатарында», - дейді Айбол.

Айбол сондай-ақ мұндай сапарлар студенттердің болашақ кәсібі туралы ойларын қалыптастыруға көмектесетінін баса айтты. «Бұл сапарлар студенттерге өз саласындағы мамандардың не істейтінін көруге әрі оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс істеуге болатын салаларды жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді», - деді ол өз болашағын осындай жетекші компаниялардың бірі Alstomмен байланыстырған курстасын еске ала отырып.

NU IMechE студенттік бөлімінің президенті ретінде Айбол мұндай сапарлардың студенттер қауымына да үлкен пайда әкелетінін атап өтті. «Біздің бөлім студенттерге өндіріспен байланысуға, мансап мүмкіндіктерін жақсы түсінуге және кәсіби мансапқа дайындалуға көмектеседі. Жақын арада жаңа сапарлар жоспарлануда, соның ішінде 17 қазанда Alstom зауытына баруды жоспарлап отырмыз. Ал келесі жылы біз студенттерге «Kazakhstan Paramount Engineering» сияқты компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін Mechaton case чемпионатын ұйымдастырмақшымыз», - дейді Айбол.

Астанадағы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына бару академиялық білім мен практикалық тәжірибе арасындағы алшақтықты жоюдың маңызды қадамы болып табылады әрі болашақ инженерлерге өз болашағына қатысты мүмкіндіктері жақсырақ түсінуге көмектеседі.