News_KZ

NU SEDS студенттері қимыл-қозғалысы бұзылған адамдарды оңалтуға арналған роботтар жасап шықты

26 сәуірде Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының соңғы курс студенттері арнайы көрме ұйымдастырып, онда қимыл-қозғалысы бұзылған адамдарды оңалтуға арналған инновациялық роботтық жүйелерді ұсынды. Профессор Прашант Джамвалдың жетекшілігімен олар әртүрлі реабилитациялық роботтарды яғни неврологиялық ауруларды емдейтін шынтақ пен тізе буындарын, саусақтарды қалпына келтіруге арналған роботтарды жасады.

Іс-шара қонақтарға роботтардың мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік беретін интерактивті бейнетаныстыруларды қамтыды. Көрмеге шақырылған «QazInnovations» Инновациялық даму ұлттық агенттігі, «Jas Ventures» ЖШС және «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ сияқты ұйым өкілдері жобаларға қаржылық қолдау көрсетуге қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ студенттер өздерінің шығармашылық процестерін көрсетіп, жобаларының кәсіпкерлік әлеуетін танытты. Бұл бастама университеттің денсаулық сақтау саласындағы технологиялық шешімдерге деген ұмтылысын және Қазақстанда реабилитациялық робототехниканы дамыту мүмкіндіктерін көрсетеді.