2024 жылдың 21 мамырында Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) Назарбаев Университетінің Провост кеңсесі және Электротехника және электроника инженерлері институты (IEEE) халықаралық коммерциялық емес бірлестігінің (IEEE) Қазақстандық бөлімшесімен бірлесіп жартылай өткізгіш технологиялар бойынша бірқатар ғылыми семинарлар өткізді. Іс-шараға Хсинчу, Тайваньдағы Ұлттық Ян Мин Чиао Тунг университетінің (NYCU) жанындағы Халықаралық жартылай өткізгіштер технологиясы колледжінің (ICST) екі көрнекті спикерлері қатысты.
Іс-шара IEEE Қазақстандық бөлімшесі төрағасының орынбасары және NU-IEEE студенттік бөлімінің кеңесшісі болып табылатын Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының профессоры Мүхаммед Ахтардың кіріспе сөзімен басталды. Бұдан соң IEEE Қазақстандық бөлімшесінің төрағасы Карло Моларди бөлімшенің қызметі туралы шолу жасады. Әрі қарай NU SEDS студенті Әділхан Алпысбай NU-IEEE студенттік бөлімінің қызметі мен жетістіктері туралы айтты.
Профессор Хироши Ивай «Интегралды схемалар технологиясының өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде интегралдық микросхемалар технологиясының эволюциясын егжей-тегжейлі айтып, жасанды интеллектті дамытудағы Nano-CMOS схемаларындағы жетістіктердің рөлін атап өтті. Профессор Ивай сонымен қатар интегралдық микросхемалар технологияларында өнімділіктің өсуін қолдау стратегияларын ұсынып, жылу өндіру және шығындардың өсуі мәселелеріне тоқталды.
Профессор Эдвард Йи Чанг «EV және PV қолданбаларына арналған Gate Stack-тегі ферроэлектрлік заряд тұзағы бар GaN HEMT электрондық режимі» туралы айтты. Профессор Чанг электрлі көліктердегі қуат коммутациялық модульдерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған GaN жоғары электронды ұтқырлық транзисторларында (HEMTs) қалыпты өшіру режиміне қол жеткізудің инновациялық әдісін ұсынды. Семинар барысында жоғары оң шекті кернеу, төмен қосу кедергісі, жоғары жиілікті ток тығыздығы және жоғары бұзылу кернеуі атап өтілді.
Іс-шараның соңында Назарбаев Университеті Президентінің міндетін атқарушы,Провост Илесанми Адесида қорытынды сөз сөйлеп, қонақтарға құнды дәрістері үшін шынайы алғысын білдірді. Ынтымақтастықтың маңызды рөліне баса назар аудара отырып, оның инновацияларды дамытудағы және академиялық қоғамдастық ішінде білім алмасудағы күшін атап өтті әрі профессорлар мен студенттерін белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
Шара университет атынан қонақтарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыс етумен аяқталды.