News_KZ

Назарбаев Университетінің профессорлары мен студенттерінің бірлескен ғылыми жұмысы материалтану саласындағы ең беделді журналда жарияланды

2022-12-13 17:28

Профессор Нұршат Нұражының зерттеу тобы профессор Сәлімгерей Әділов, профессор Три Фам және Кордоба университетінің (Испания) профессоры Рафаэль Лукемен бірге 2D және 3D өткізгіш полимерлерді алу үшін стратегиялық синтез және олардың композиттері әдісін ойлап тапты (электр тогын өткізуге қабілетті пластмассалар).

Бұл жұмыс жақында материалтану саласындағы ең беделді Advanced Materials (ағымдағы импакт-факторы 32, 08) журналында жарияланды.

Жаңа әдіс 2D, 3D және композиттерді жасайтын басқа өткізгіш полимерлерді синтездеуге мүмкіндік береді. Аталған зерттеуде өткізгіш полимердің ерекше түрі болып табылатын полипирролдың морфологиясы 0D-ден 2D және 3D құрылымдарына дейін бақыланды. 2D нанопарақтың морфологиясы ең жоғары электр өткізгіштігін яғни 219 С/см-ді берді. Бұл полипиррол үшін рекордтық жоғары өткізгіштік болып саналады. Осы әдіс наномедицина, энергия сақтау, полимерлі күн батареялары және жарықдиодты шамдар сияқты әртүрлі салаларда өткізгіш полимерлер үшін жаңа қосымшаларды ашады.

Мақалада келтірілген зерттеулерді негізінен Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының магистранттары, докторанттары және зерттеушілері жүргізді. Зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және Назарбаев Университетінің гранты негізінде жүзеге асырылды.

Эксперименттік жұмыс жасаған студенттер мен зерттеушілердің есімдері:

Гүлдана Жігербаева (Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы, PhD-дің 3- курс студенті),

Перизат Асқар (Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы, магистратураның 2 – курс студенті),

Елриза Есжан (Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы, магистратураның 2- курс студенті),

Доктор Мунзия Әбутәліп, Астана ұлттық зертханасының аға ғылыми қызметкері, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіндегі Химия кафедрасының докторанты,

Дана Канжиготива, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының ғылыми қызметкері,

Нұршат Нұражы, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының Қауымдастырылған профессоры, Астана ұлттық зертханасының Жаңартылатын энергия жүйелері және материалтану зертханасының меңгерушісі,

Сәлімгерей Әділов, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіндегі Химия кафедрасының Ассистент профессоры,

Три Фам, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіндегі Биология кафедрасының Ассистент профессоры.