Жақында Назарбаев университетінің кітапханасында «Optical Fiber biosensors. Device Platforms, Biorecognition, Applications» кітабының тұсаукесері өтті.⠀Іс-шараға биомедицина, инженерия және биология саласындағы студенттер, зерттеушілер және оқытушылар қатысты.⠀
⠀
Кітап мультидисциплинарлық тәсілді пайдалана отырып, талшықты-оптикалық сенсорлар саласына жан-жақты шолу жасайды. Бұл тәсіл сенсорлық құрылғылар мен оптикалық жабдықты өндіруді, таңдамалы биотануды орындау үшін функционалдықтандыруды және ағымдағы және болашақтағы биосенсорларды қолданудың негізгі бағыттарын қамтиды. Кітапты жетекші академиялық баспагер Academic Press/Elsevier басып шығарады.⠀
Іс-шараны НУ провосты Илесанми Адезида ашып, көп салалы авторлар ұжымының маңыздылығын атап өтті. Лоретта О’Доннелл (Оқу істері жөніндегі вице-провост) кітаптың құндылығына тоқталды.⠀
Спикерлер талшықты-оптикалық биосенсорлар туралы кеңірек әңгімелеп берді. Тұсаукесер⠀шараға қатысушылардың⠀сұрақтарына жауап берумен жалғасты. Артынша зертханаға экскурсия жасалып,⠀талшықты-оптикалық биосенсорлар, оларды өндіруде қолданылатын жабдықтар көрсетілді.⠀
⠀
Кітап авторлары: ⠀
⠀
Даниэль Този – НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Қауымдастырылған профессоры,⠀Астана ұлттық зертханасының биосенсорлар мен биоқұралдар зертханасының меңгерушісі. ⠀
⠀
Карло Моларди – НУ доценті, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі.⠀
⠀
Қанат Дүкенбаев – НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің Қауымдастырылған профессоры.⠀
⠀
Маржан Сыпабекова – АҚШ-тағы Бэйлор университетінің постдокторанты және зерттеушісі. ⠀
⠀
Әлия Бекмурзаева – Астана ұлттық зертханасының ғылыми қызметкері.⠀
*Кітаптың баспа және электронды көшірмелерін НУ кітапханасынан алуға болады.