News_KZ

NU SEDS Ассистент профессоры Жанат Қаппасов мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылға арналған жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендияны тағайындау байқауының қорытындысын жариялап, жеңімпаздарын таныстырды. Олардың қатарында NU SEDS Робототехника инженериясы кафедрасының ассистент профессоры Жанат Қаппасов та бар.

Мемлекеттік ғылыми стипендия отандық жас ғалымдардың елдегі басым міндеттерді шешуге қажетті іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулері үшін беріледі.

Жанат Қаппасов тактильді сенсорлар саласындағы жұмысымен танымал. Ол жетекшілік ететін Haptic Technology Lab хаптикалық технологияны қолданатын әртүрлі құрылғыларды жасаумен айналысады. Осындай құрылғылардың бірі - HaptiComm. Аталған құрылғы саңырау және көз жанарынан айрылған немесе нашар көретін адамдар үшін тактильді байланысты жақсартуды көздейді. Осылайша Haptic Technology Lab мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инклюзивті білімді қолжетімді етіп, қарым-қатынасты жеңілдетуге тырысуда.

Жанат Қаппасовты осы жетістігімен құттықтап, ғылым жолында табыс тілейміз.

Дереккөз сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/574416?lang=kk