NU SEDS студенттері Sustainability Living Lab бағдарламасының жеңімпаздары атанды
2023-08-25 11:05
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің бір топ студенттері Sustainability Living Lab бағдарламасының жеңімпазы атанып, инновациялық жобалары үшін 2 000 000 теңге грант ұтып алды.
Аталған жарысты «Шеврон» компаниясының қолдауымен Green Campus ұйымдастырды. Sustainability Living Lab бағдарламасы университет кампустарын зертханаларға айналдырып, студенттер мен оқытушыларды қоршаған ортаның шынайы мәселелерін шығармашылықпен шешуге шақырады. Энергия, су, қалдықтарды басқару, көлік, биоәртүрлілік және тұрақты тамақтану сияқты салаларды қамтитын бағдарлама қатысушыларға теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты дамуға жәрдемдесу және университеттердегі оқу ортасын байыту.
«Ақылды геополимер» командасы Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының 4 курс студенттерінен құралған. Атап айтқанда, топ қатарында Әнел Ғалымжанқызы, Исламбек Манап, Омарова Жания, Темірбеков Досжан және Уалиев Дулат бар. «Ақылды» экологиялық таза бетон өндіру үшін шыны және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу» жобасының жетекшісі, профессор Чан-Сон Шон .
Олардың бастамасы Қазақстандағы өзекті экологиялық проблемаларды шешуге және қалдықтардан қосымша құнды заттар жасауға бағытталған. Шыны өндірісінің қалдықтарын және болат өнеркәсібінің жанама өнімдерін пайдалана отырып, олар елдегі қалдықтарды басқару және табиғи ресурстарды сақтау мәселелерін шешіп, ақылды геополимерлі бетон жасады.
Топ мүшесі Жәния Омарова «Біз бетон өндіру үшін қалдықтарды қайта пайдалану үшін CO2 алу технологияларын және геополимерлеу процестерін зерттедік. Біздің жұмысымыз Sustainability Living Lab бағдарламасы мен Chevron компаниясының қолдауының арқасында мүмкін болды. Осы қолдау бізге ауқымды зерттеулер жүргізуге, қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік береді»,-деді.
Жоба мәжбүрлі карбонизацияны қолдана отырып, OCS-тен CO2 алу механизмдерін зерттеуге және әйнекті пайдалы агрегатқа айналдыру үшін геополимерлену реакциясын зерттеуге бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – орындықтар, гүл құмыралары, қоқыс жәшіктері және кірпіш сияқты функционалды өнімдерді жасау үшін әзірленген смарт геополимерлі бетонды пайдалану. Бұл экологиялық таза және сапалы құрылыс материалдарын пайдалану арқылы университет қалашығының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.