News_KZ

NU SEDS биылғы түлектеріне салтанатты түрде дипломдарын табыстады

2023-06-12 16:30
2023 жылдың 11 маусымында Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде 4-ші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті.

Бұл жолы барлығы 506 түлек диплом алды. Оның 368-сы бакалавр, 130-ы магистр және 8-і ғылым докторы.

Салтанатты шара мектеп деканының құттықтау сөзімен басталды. Вассилиос Тоурассис түлектерді, ата-аналарды және салтанатты шараға қатысушыларды мектеп тарихындағы айтулы оқиғамен құттықтап, түлектерге сәт-сапар тіледі.

Түлектерді арнайы қонақ ретінде шақырылған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин де құттықтап, мектептің Қазақстанды цифрлық трансформациялауда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймыз және оларға жарқын болашақ тілейміз!