News_KZ

NU SEDS-те WtERT жаһандық кеңесінің қазақстандық бөлімшесі ашылды

Назарбаев Университеті мен Қалдықтарды энергияға айналдыру жөніндегі жаһандық ғылыми-технологиялық кеңес (WTERT)серіктес болуға уағдаласты. Қазақстанды қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы зерттеу мен технологиялар бойынша Орталық Азияның жетекші елі етуді көздейтін арнайы келісімге Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, және Global WtERT Council Inc президенті профессор Николас Дж.Темелис, Global WtERT Кеңесінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Реда М. Каббадж қол қойды.

Осы құжаттың нәтижесінде НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің базасында WtERT-тің қазақстандық филиалы ашылды. Филиал төрағасы болып НУ Инженерия және Цифрлық ғылымдар мектебіндегі Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының меңгерушісі, профессор Джонг Ким тағайындалды.

Келісім сонымен қатар НУ қызметкерлері мен студенттеріне Колумбия университетінің ресурстарын, соның ішінде WtERT мүшелері болып табылатын Жапония мен Еуропаның үздік университеттерін зерттеу орталықтары ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Қалдықтарды энергияға айналдыру жөніндегі жаһандық ғылыми-технологиялық кеңес 2002 жылы Колумбия университетінің Нью-Йорктегі (АҚШ) Жер инженерлік орталығының негізгі бағдарламасы ретінде құрылған. Ол ғалымдар, инженерлер, қоғамдық белсенділер, бизнес қауымдастық, университеттер және үкімет арасында диалог орнатып, қалдықтарды басқарудың тұрақты технологияларын бүкіл әлем бойынша ілгерілетумен айналысады. Бүгінгі таңда қатты қалдықтарды материалдар мен энергияға айналдыру бойынша ең озық халықаралық зерттеу ұйымы болып табылады. 1997 жылдан бастап АҚШ-та және бүкіл әлемде зерттеулер жүргізіп келеді.

Болашақта Назарбаев Университетінде аталған кеңеспен бірлесе отырып, халықаралық басқосу үйымдастыру жоспарлануда. Онда әлемнің жетекші сарапшылары қалдықтарды басқару саласындағы озық тәжірибелермен бөлісетін болады.