News_KZ

NU SEDS профессорлары қазақстандық жоғары сынып оқушыларына арналған жазғы ғылыми жобаларды бастады

2023-06-12 18:36
12 маусымда Назарбаев университетінде қазақстандық жоғары сынып оқушыларына арналған жазғы тағылымдамасы басталды. Жыл сайынғы шара аясында қызығушылық танытқан жоғары сынып оқушылары НУ оқытушылары мен студенттері жетекшілік ететін ғылыми жобаларға қосылады.

30 маусымға дейін жоғары сынып оқушылары (9-11 сынып оқушылары) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі зерттеу ортасымен, әсіресе құрылыс саласындағы маңызды аспектілердің бірі болып табылатын топырақ сипаттамасымен танысады.

Биылғы жылы тағылымдамаға 128 жоғары сынып оқушысы өтініш берген. Іріктеуден оның тек 10-ы өтті. Тағылымдама мақсаты – оларға ғылыми-зерттеу қызметін көрсету, ғылыми құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ ғылыми-зерттеу университеті болып табылатын Назарбаев Университетімен таныстыру.

Оқушылар тағылымдама барысында Құрылыс және қоршаған ортаны қорғау инженериясы кафедрасының жетекшісі профессор Джон Ким және Альфрендо Сатьянаганың қол астында құрылыс және қоршаған ортаны қорғау кафедрасында топырақ сипаттамасы үшін Excel электрондық кестесін құрумен жұмыс істейді.