Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде (NU SEDS) 12 сәуірде көрнекті қазақ геологы, Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне орай аталып өтетін Қазақстанның ғылым қызметкерлері күніне орай жыл сайынғы екінші зерттеу апталығы өтті. Сәуірдің 8-і мен 12-сі аралығында бір аптаға созылған шара мектептің ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге деген ұмтылысын көрсетті.
Іс-шара мектептің бес стратегиялық зерттеу бағыты бойынша 70 ғылыми жобаны қамтитын ғылыми жобалар көрмесінің ашылу салтанатымен басталды.
Апталық әрі қарай мектеп деканының ғылыми-зерттеу жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы, профессор Шазим Мемонның үздік журналдарда қалай жариялануға болатыны туралы дәрісімен жалғасты.
Бұдан кейінгі күндері мектептің бес кафедрасы әртүрлі тақырыптар бойынша ағымдағы ғылыми жобалар мен мүмкіндіктер бойынша семинарлар өткізді.
Сәуірдің 10-ында «Three Minute Thesis» (3MT®) байқауы мен Student Research Excellence Award марапатын табыстау рәсімі өткізілді. Келесі күні яғни сәуірдің 11-і күні апталық аясында дәстүрге айналған SEDS Talk шарасы ұйымдастылды. TED Talks форматындағы жоба барысында мектептің төрт профессоры еңбек жолында және өмір жолында жинақтаған тәжірибесімен, түйген ойларымен бөлісті. Биылғы шарада профессор Мерт Гүней «Сіз ықпал етуді қалайсыз ба? Азырақ бірақ жақсырақ істе», Профессор Гүлнұр Қалимолдина «Материалтану мен машиналық оқытудың бірігуі», Профессор Джеват Эрискен «Дене тінін қалай жасауға болады» және профессор Маттео Рубаготти «Роботтардың қозғалысын жоспарлау және өмірдің мәні» тақырыбында сөз қозғады.
Іс-шара 12 сәуірде Шазим Мемонның ғылыми журнал мен авторлық көрсеткіштерді меңгеру туралы қорытынды дәрісімен аяқталды.