NU SEDS студенттері Астана маңындағы 100 МВт жел электр станциясына бір күндік экскурсия жасады.
2023-04-20 18:17
2023 жылдың 5 сәуірінде Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасының және басқа да кафедралардың студенттері Астана маңында орналасқан жел электр станциясына (CAPEC Green Energy ЖШС) барды. Сапарды «Таза энергетикалық технологиялардың орындылығы» курсы аясында профессор Ербол Сарбасов, магистрант Гүлнар Байжан (ғылыми қызметкер) және доктор Айгерім Баймырза (оқытушы) ұйымдастырды. Қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясы 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Жел станциясында Vestas (Дания) компаниясы шығарған, әрқайсысының қуаты 3,4 МВт болатын 29 бірдей жел қондырғысы бар.
Жел электр станциясы өкілдерінің айтуынша, фермадағы желдің орташа жылдық жылдамдығы шамамен 7-11 м/с құрайды. Бұл салыстырмалы түрде жоғары электр энергиясын яғни орташа есеппен шамамен 50 МВт өндіруге мүмкіндік береді. Бас инженер Владислав Горбовский мен электр стансасының қызметкері Константин Конюшков студенттерге станцияның қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Одан кейін диспетчерлік пунктте егжей-тегжейлі танымдық әңгіме жүргізілді.