News_KZ

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіне (NU SEDS) жаңа декан тағайындалды

2024 жылдың 1 тамызынан бастап доктор Елизавета Архангельская Назарбаев Университетіндегі Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) жаңа деканы болып тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін ол деканның міндетін атқарды.

Доктор Архангельская Негевтегі Бен-Гурион атындағы университетте Қоршаған ортаны қорғау инженериясы бойынша PhD дәрежесін алған. Назарбаев Университетінде 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын ассистент-профессор болып бастаған ол кейін Қауымдастырылған профессор дәрежесіне көтерілді. Қазір Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының профессоры. Ол бұған дейін деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де атқарды.

Доктор Архангельскаяның ғылыми-зерттеу жұмыстары экологиялық инженерия және тұрақты даму мәселелеріне, соның ішінде халықтың денсаулығын жақсартуға, таза суға қол жеткізуге және тұрақты қалаларды дамытуға бағытталған.