News_KZ

ҚР Энергетика вице-министрі NU SEDS Электротехника және компьютерлік инженерия департаментінің зертханаларын аралап көрді

Назарбаев Университетіне сапары аясында Вице-министр Бақытжан Ілияс бастаған Энергетика министрлігінің делегациясы Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) өкілдерімен кездесіп, жоғары вольтты және энергетикалық жүйелер зертханасында болды.

Кездесу барысында талқылаулар энергетикалық жүйелерді цифрландыруға және олардың тиімділігі мен сенімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығына арналды. Сондай-ақ, энергетика саласындағы инновациялардың маңыздылығы аталып, қорғаныс жүйелері, электр қозғалтқыштарын жобалау және өндіру сияқты негізгі аспектілерге назар аударылды.

Вице-министр сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері зертханасында болды, онда осы саладағы жобаларды іске асыруды ілгерілету және озық технологияларды біріктіру де әңгіме болды. Энергияға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін тұрақты шешімдерді әзірлеудің маңыздылығы талқыланды.