10 сәуір күні Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) Қазақстанның ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған NU SEDS зерттеу апталығы аясында «Three Minute Thesis» (3MT®) байқауын өткізді.
2008 жылы Квинсленд университетінде бастау алған «Three Minute Thesis» (3MT®) байқауы 85 елдің 900-ден астам университеттерінде өткізіліп келеді. Байқау Назарбаев Университетінің қабырғасында алғаш рет ұйымдастырылды және бұл қадам Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға деген ұмтылысын растайды.
Іс-шараға Басқарушы кеңес мүшелері, НУ басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты. Мектеп деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Шазим Мемон модератор ретінде алдымен көрермендерді қатысушылар, қазылар алқасы, байқау ережелері және бағалау критерийлерімен таныстырды.
Байқау шарты бойынша сегіз докторант бірнеше жылғы зерттеулерінің нәтижелерін үш минутта таныстыруға тиіс болды.
«Біз тыныс алатын ауа: ауаның ластануының жасырын қауіптері» тақырыбындағы зерттеуін ұсынған Құрылыс және экология инженериясы кафедрасының PhD студенті Ақмарал Ағыбаева жеңімпаз атанды. Оның жұмысы ауа сапасының нашарлауы және оған байланысты денсаулыққа қатысты қауіптердің маңызды мәселесін қарастырады.
Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы ның PhD студенті Жұлдыз Елжанова екі аталымда яғни «3MT® Runner-Up» және көрермендердің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталған «3MT® People's Choice» бойынша жеңімпаз деп танылды. Оның зерттеулері перовскит күн батареяларының тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Іс-шара аясында CiteScore нұсқасы бойынша үздік 10% кіретін журналдарда мақала жарияланғаны үшін 15 студентке SEDS Student Research Excellence Awards марапаты табыс етілді. Бұл марапат Назарбаев Университетінің 2030 жылға қарай әлемдегі ең үздік 20% университеттің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсатына қол жеткізу жолында мектеп тарапынан қолға алынған маңызды қадамдардың тағы бірі. Бір айта кетерлігі, бұл марапаттау да мектеп тарихында алғаш рет ұйымдастырылды.
SEDS Student Research Excellence Awards 2024 марапатының иегерлері:
Джеральд Давин Авентиан,
Саддам Хусаин,
Ерқанат Қанафин,
Бекарис Омаров,
Сәкенғали Қажиев,
Балнұр Жайдарбек,
Әйгерім Нұрбаева ,
Қашиф Нәзір,
Төребек Төреғожин,
Арайлым Серікбай,
Алексей Ремизов,
Ерасыл Олжабай,
Жандос Жақыпов,
Әлфараби Имашев,
Мәди Макин.