30 желтоқсан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жылдың үздік ғылыми қызметкері» жыл сайынғы сыйлығының 2025 жылғы нәтижелерін жариялады. Байқау қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары және түрлі ұйымдардың ғылыми бөлімдерінде қызмет ететін 50 ғалым лауреат атанды. Олардың қатарында Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Айшуақ Қонаров.
Сыйлық «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға сәйкес құрылып, ҚР ҒЖБМ жүзеге асырып жатқан ғалымдарға мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларының бірі саналады. Оның мақсаты — ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғылыми қызметкерлерді марапаттау және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру.
Доктор Айшуақ Қонаровты мемлекет тарапынан осылай жоғары бағалануымен құттықтай отырып, әрі қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа жетістіктер тілейміз!