NU SEDS магистранты электрохимиктердің беделді конференциясында өз жобасын ұсынды
2024-11-05 17:04
NU SEDS-тің Химиялық инженерия және материалдар технологиясы магистрі бағдарламасы бойынша екінші курс студенті Айдарбек Нуфтолла Гононулуда өткен PRiME-2024 халықаралық конференциясына қатысу үшін Америка электрохимиялық қоғамының (ECS) грантына ие болды.
Төрт жыл сайын өткізілетін шара электрохимия және оған жақын ғылымдар әлеміндегі ең ірі оқиға болып саналады. Мұнда әлемнің жетекші ғалымдары мен зерттеушілері озық идеялармен бөлісіп, соңғы жетістіктерді талқылайды. Мысалы, Томас А. Эдисон көп жылдар бойы Қоғамының мүшесі болды, ал қазір оның құрамына арасында литий-иондық батарея жасаушылары да бар көптеген Нобель сыйлығының лауреаттары кіреді.
«Мен конференцияға National Laboratory Astana атынан бардым. PRiME-2024 конференциясындағы презентациям ZIF-8 кеуекті материалымен қапталған мырыш оксиді (ZnO) сияқты модификацияланған наноматериалдар негізіндегі газ сенсорларын әзірлеуге арналды. Бұл сенсорлар белгілі бір газдарға жоғары сезімталдық пен селективтілікке ие, сондықтан олардың экологиялық және өндірістік мәселелерді шешудің болашағы зор. Жоба биыл басталды. Ғылыми жетекшім, профессор Алмагүл Ментбаева мен доктор Бақтияр Солтабаевқа қолдау көрсетіп, осындай беделді конференцияда зерттеуімді ұсынуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын», – деді Айдарбек Нуфтолла. Конференцияға қатысуы оның кәсіби шыңдалуында үлкен рөл атқарғанын баса айтты.
Жас ғалым NU-дағы оқуы National Laboratory Astana -сының Озық сенсорлар зертханасында (ASL) жүргізетін зерттеулерімен тығыз байланысты екенін айтады. Зертхананың негізгі мақсаты – ластануды бақылауға және қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектесетін өндірістік объектілердегі қауіпті газдарды жылдам анықтау үшін қолданылатын жаңа сенсорлық технологияларды әзірлеу және енгізу.
«Ауыл шаруашылығында мұндай сенсорларды көкөністер мен жеміс-жидектерді жинаудан кейінгі күйін бақылау үшін пайдалануға болады, өйткені олар өнімдер бұзылған кезде бөлінетін этилен сияқты ерекше газдарды анықтай алады. Бұл шығындарды азайтады және өнімнің сапасын жақсартуға көмектеседі», - дейді магистрант.
Айдарбек Нуфтолла Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға және экономиканы дамытуға ықпал ететін тиімдірек және қолжетімді технологияларды әзірлей отырып, газ сенсорлары саласындағы жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.