22–23 ақпан күндері Назарбаев Университетінде SEDS-тің Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының студенттері ұйымдастырған алғашқы IEEE Machine Learning Hackathon өтті.
Екі күнге созылған ауқымды жарысқа Назарбаев Университетінің (SEDS, SSH, NUSOM, CPS) және Astana IT University-дің 271 студенті қатысты. 71 командаға бөлінген қатысушылар жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген күрделі тапсырмаларды орындап, KPMG, Sergek Group және Desht Lab ұсынған индустриялық кейстерді шешті.
24 сағаттық марафон барысында SEDS-тің компьютерлік ғылымдар, электротехника және компьютерлік инженерия кафедралары мен SSH-тің математика кафедрасының студенттері ерекше көзге түсті. Жеңімпаздарға беделді марапаттар, оның ішінде ақылы тағылымдамалар мен демеушілер ұсынған ақшалай сыйлықтар табысталды.
Хакатон тек сайыс алаңы ғана емес, сонымен қатар Назарбаев Университеті мен технологиялық индустрия арасындағы байланысты нығайтатын маңызды платформаға айналды. KPMG өз жеңімпаздарына ақылы тағылымдамалар ұсынса, Sergek Group ақшалай жүлделермен марапаттады, ал Desht Lab тағылымдамамен қатар қаржылай сыйақы тағайындады.
SEDS Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының ассистент-профессоры, IEEE Kazakhstan Sub-Section төрағасы Карло Моралди хакатонның маңыздылығын атап өтті:
"Техникалық тапсырмалар әзірлеп, командалардың жұмысын бағалап, демеушілік көрсеткен компанияларға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, іс-шараны қолдаған Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасындағы әріптестерімізге ризашылығымыз шексіз. Бірақ ең үлкен алғыс – қажырлы еңбегі мен шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Назарбаев Университетінің IEEE Student Branch мүшелеріне. Хакатон жеңімпаздарын құттықтаймыз, олар осы интеллектуалдық жарыста өздерінің жоғары деңгейін дәлелдеді!" – деді ол.
IEEE Machine Learning Hackathon – желтоқсан айынан бері SEDS студенттері ұйымдастырған үшінші хакатон. Бұл Назарбаев Университетінің білім мен тәжірибені ұштастыратын, инновацияларды дамытатын әрі сала көшбасшыларымен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жеңімпаздар
KPMG Hackathon
1-орын – NaN
Sergek Group Hackathon
1-орын – IAAA
Desht Lab Hackathon
1-орын – SlayVectorMachine

- Алина Закерьянова – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
- Артём Щербаков – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
- Аружан Ошақбаева – 4 курс, Математика, NU SSH
- Даниал Сахпантаев – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
- Нұрсұлтан Атымтай – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS
Sergek Group Hackathon
1-орын – IAAA
- Әділхан Алпысбай – 3 курс, Электротехника және компьютерлік инженерия, NU SEDS
- Ануарбек Бектеміров – NU CPS
- Арсен Әбулғазымов – NU CPS
Desht Lab Hackathon
1-орын – SlayVectorMachine
- Ерназар Ермұратов – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU
- Алёна Абайдулина – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU
- Дана Даменова – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU
- Амир Абдыкәрімов – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU