News_KZ

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі жыл сайынғы Мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты

6 қыркүйек күні Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі мамандық таңдауда әлі екіойлы болып жүрген студенттерге көмектесу мақсатында Академиялық кеңес беру кеңсесінің Мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты. Шара биыл университет кампусының жоғарғы атриумында өткізілді және ұзын-ырғасы екі сағатқа созылды.

Мамандық жәрмеңкесі негізінен бірінші курс студенттеріне және Университеталды дайындық бағдарламасы (НУФИП) қатысушыларына арналған. Бұл жолы аталған іс-шараға Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі алты факультеттен 20 профессор қатысты. Бұл өз кезегінде студенттерге олармен жүзбе-жүз кездесіп, мектептегі бакалавриат бағдарламалары туралы терең ақпарат алуға мүмкіндік берді. Студенттер өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып қоймай, оқу барысында зерттеуге қатысу мүмкіндіктері туралы да есіп-білді. Сондай-ақ олар жәрмеңке барысында профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер ұсынған бірқатар ғылыми жобалармен танысты.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі алты бакалавриат бағдарламасын ұсынады. Атап айтқанда, Химиялық инженерия және материалдар технологиясының бакалавры, Құрылыс және экологиялық инженериясының бакалавры, Электротехника және компьютерлік инженерия бакалавры, Механикалық және аэроғарыштық инженерия бакалавры, Робототехника инженериясы саласындағы ғылым бакалавры және Компьютер ғылымдары саласында ғылым бакалавры. Аталған академиялық бағдарламалардың әрқайсы студенттерді қазіргі жедел қарқынмен дамып жатқан технология әлемінде табысты мансапқа дайындауды көздейді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебнде білім алып жатқан қазіргі студенттермен бетпе-бет әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды. Олар өз тәжірибелері туралы айтып, пайдалы кеңестермен бөлісті.