NU SEDS-та академиялық жетістік рекорды: Dean's List тізіміне 328 студент енді, олардың ішінде 5 студент екі семестр қатарынан 4.0 GPA жинады
2025-04-25 09:42
2025 жылдың 24 сәуірінде Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (SEDS) 2024 жылдың күзгі және көктемгі семестрлерінде жоғары академиялық жетістіктерге жеткен 328 студентті Dean’s List құрметті тізіміне енуімен құттықтады. Бұл көрсеткіш мектептің барлық 2559 студентінің шамамен 13%-ын құрайды.
Назарбаев Университетінің академиялық ережелеріне сәйкес, GPA көрсеткіші 3.75 және одан жоғары болған студенттер Dean’s List тізіміне ене алады. Алайда биыл бұл жетістік ерекше сипатқа ие болды: Dean’s List тізіміне рекордтық сандағы студенттер кірді, олардың ішінде күзде – 29, көктемде – 21 студент GPA 4.0 көрсеткішіне қол жеткізді.
Ерекше атап өтерлігі — бес студент екі семестр қатарынан GPA 4.0 нәтижесін сақтап, шынайы академиялық ерлік жасады.
Дәстүрлі салтанатты марапаттау рәсімі профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерді біріктірген сәт академиялық жетістіктің мерекесіне айналды. Мектеп деканы Елизавета Архангельская әрбір студентті жеке құттықтап, олардың табандылығына, талантына және үздік болуға деген ұмтылысына жоғары баға берді.
2024 жылғы күзгі семестрдің негізгі қорытындылары
Жалпы марапатталғандар саны: 174
GPA 4.0 көрсеткішіне ие болғандар: 29
Білім деңгейлері: 18 – бакалавриат, 11 – магистратура
Кафедалар бойынша:
Компьютерлік ғылымдар кафедрасы: 11
Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы: 7
Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы: 5
Робототехника кафедрасы: 4
Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы: 2
Ұлты бойынша:
Қазақстан: 23
Шетелдік студенттер: 6
2024 жылғы көктемгі семестрдің негізгі қорытындылары
Жалпы марапатталғандар саны: 154
GPA 4.0 көрсеткішіне ие болғандар: 21
Білім деңгейлері: 8 – бакалавриат, 13 – магистратура (оның ішінде 2 – PhD студенті)
Кафедалар бойынша:
Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы: 7
Компьютерлік ғылымдар кафедрасы: 6
Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы: 4
Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы: 4
Ұлты бойынша:
Қазақстан: 14
Шетелдік студенттер: 7
Екі семестр қатарынан GPA 4.0 көрсеткен студенттер
Dean’s List тізіміне енген бес студент екі семестр қатарынан GPA 4.0 жинап, сирек кездесетін нәтижеге қол жеткізді:
Ерұлан Қоңырат (Қазақстан, Компьютерлік ғылымдар – бакалавриат)
Артур Мұратов (Қазақстан, Компьютерлік ғылымдар – бакалавриат)
Диас Пернехан (Қазақстан, Электротехника және компьютерлік инженерия – бакалавриат)
Дариға Сатыбалдиева (Қазақстан, Құрылыс және экологиялық инженерия)