NU профессоры беделді IEEE Access журналының аға редакторы болып тағайындалды
2024-08-30 17:08
NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Тон Дук До IEEE Access журналының аға редакторы болып тағайындалды.
IEEE Access – Электр және электроника инженерлер институты (АҚШ) басып шығаратын 60-қа жуық аға редакторы бар рецензияланатын ғылыми журнал. Тон Дук До журналдың соңғы үш жылдағы және арнайы нөмірлерінің редакторы ретіндегі жоғары сапалы жұмысы үшін үздік марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, ұйымның сайтында атап өтілгендей, ғалым дәйексөздер бойынша жылдың әрі тұтас еңбек жолы бойынша ғалымдардың үздік 2% тізіміне енген.
“IEEE Access-те аға редактор ретінде қызмет ету менің өз саламдағы сарапшы және көшбасшы ретінде танылғанымды көрсетеді. Сонымен қатар бұл менің маңызды жетістіктерім мен техникалық баспадағы көшбасшылығымды білдіреді. Бұл рөл маған зерттеу бағытына әсер етуге, жоғары сапалы мақалалардың жариялануын қамтамасыз етуге және IEEE тұтастығы мен стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді. Менің рөлім кәсіби өсуге, қарым-қатынастарды кеңіту мүмкіндіктеріне және зерттеудегі жаңа трендтерді түсінуге жол ашады. Мұның барлығы ынтымақтастық пен академиялық мүмкіндіктерді арттыру арқылы NU-ға пайда әкелуі мүмкін”, - деді ғалым.
Ол NU өкілінің осындай маңызды лауазымға тағайындалуы университеттің академиялық басылымдар мен зерттеулер саласында көшбасшыларды дамытуға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті. IEEE ұйымының стандарттарын ұстану NU беделін одан әрі арттырады, әлеуетті студенттерді мен оқытушыларды және сапа мен этикаға ұмтылатын серіктестерді тартады деген үмітте.
Профессор Тон Дук До Вьетнамдағы Ханой ғылым және технология университетін бітірген. Кейін Донггук университетінен (Оңтүстік Корея) электротехника бойынша PhD дәрежесін алған. Назарбаев университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Оның ғылыми қызығушылықтары басқару инженериясы, электр жетектері, жаңартылатын энергияны түрлендіру жүйелері және нанороботтарды қамтиды.
IEEE – 190-нан астам елдерді қамтитын электроника инженерлерінің әлемдегі ең ірі кәсіби қауымдастығы.