Назарбаев Университетіндегі Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының қуаымдастырылған профессоры Ғалымжан Наурызбаев Қазақстанда алтыншы буын (6G) коммуникациялық технологияларды дамытуда маңызды рөл атқаруда. Оның зерттеулері қайта конфигурацияланатын смарт беттер (RIS) және сұйық антенналар (FAS) сияқты алдыңғы қатарлы салаларға бағытталған. Бұл технологиялар байланыс сапасын айтарлықтай жақсартуға, қамту аумақтарын кеңейтуге және сымсыз желілердің энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Наурызбаев Қазақстанда осы технологияларды одан әрі дамыту және енгізу үшін маңызды алаңға айналатын 6G зерттеу орталығын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның жобалары еліміздегі телекоммуникация саласының дамуына септігін тигізіп қана қоймай, осы салада жас мамандарды даярлауға да үлес қосуда.
Аталған бастамалар мен олардың Қазақстан телекоммуникациясының болашағына әсері туралы толығырақ Ғалымжан Наурызбаевтың DKNews халықаралық ақпарат агенттігіне берген сұхбатынан білуге болады.