Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі түлектерінің Даңқ қабырғасы

Даңқ қабырғасы туралы
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі түлектерінің Даңқ қабырғасы – мектеп түлектерінің ерекше жетістіктері мен қоғамға қосқан үлесін дәріптеуге арналған жоба. ООл қазіргі және болашақ студенттерге шабыт сыйлап, мектеп қауымдастығының мақтанышы мен бірлігін арттыруға бағытталған.

Даңқ қабырғасы студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам, қызметкерлер сонымен қатар, университет қонақтары тамашалауы үшін мектептің орталығында (3-блок, 2-қабат) орналасқан. Бұл жоба – өз ісімен әлемге өзгеріс енгізіп, технология, инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы болашақты құрып жүрген дарынды түлектерге деген үлкен құрмет.
Даңқ қабырғасы аталымдары
Ғылыми жаңалықтар мен зерттеулер
Инженерия мен цифрлық ғылымның сан түрлі саласында зерттеулер жүргізіп, жаңашыл ойлары арқылы ғылымға серпін берген түлектер.
Әлеуметтік бастамалар
Әлеуметтік бастамалары арқылы игі істердің ұйытқысына айналып, қоғамға қамқорлықтың жарқын үлгісін танытып, өмір сапасын жақсартуға және сан түрлі өзекті мәселелерді шешуге деген адал ниетті көрсетіп жүрген түлектер.
Инновациялар мен стартаптар
Стартаптарды құру мен экожүйесін дамытуда шешуші рөл атқарып, табысты кәсіпкерлер мен инноваторларға айналған түлектер..
Қалай қатысуға болады?
Оқуды аяқтағалы отырған студенттерге ресми хабарландыру
Соңғы курс студенттеріне жобаға қатысуға шақыру туралы ресми хабарландыру жіберіледі.
Өтініш жіберу
Қатысу үшін келесі жеке ақпаратты жолдауыңыз қажет:
  • Аты-жөніңіз
  • Байланыс ақпаратыңыз
  • Жоғары сапалы фотосурет
Сондай-ақ, өзіңізге сәйкес аталымды (бағытты) таңдауыңыз керек. Барлық ақпаратты «SEDS Даңқ қабырғасына» деген тақырыппен seds@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Қарау және іріктеу
Іріктеу комитеті ұсынылған өтінімдердің талапқа сәйкестігін тексеріп, жеңімпаздарды анықтайды.
Кері байланыс
Жеңімпаз деп танылған студенттерге электрондық пошта арқылы олардың мектеп түлектерінің Даңқ қабырғасына іріктеліп алынғаны туралы ақпарат жіберіледі.
Даңқ қабырғасына орналастыру
Жеңімпаз түлектердің суреті мен олар туралы ақпарат (жыл және аталым бойынша) мектептің Даңқ қабырғасына орналастырылады.
Ресми хабарлама
Жоба және оның қатысушылары туралы ақпарат мектептің, университеттің ресми веб-сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады, ал академиялық қауымдастыққа арнайы хабар таратылады.
Өтінімдерді беру талаптары
  • Қатысу мүмкіндігі
    Тек соңғы курс студенттері қатыса алады.
    1
  • Жеке ақпарат
    Жеке ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіңіз.
    2
  • Фотосурет
    Фотосурет жоғары сапалы болуы тиіс.
    3
  • Аталымды таңдау
    Студенттер үш аталымның біреуін таңдауы тиіс.
    4
  • Жетістіктер
    Өтінімде студенттің оқу барысында жеткен жетістіктері мен қосқан үлесі туралы нақты ақпарат көрсетілуі қажет.
    5
  • Өзіңіз туралы әңгіме
    Болашақ түлектер студенттік өмірінде қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ қандай қиындықтармен бетпе-бет келгені және оларды қалай жеңіп шыққаны туралы жазбаша әңгімелеп беруі тиіс.
    6
  • Сәйкестік
    Әңгімеленген жетістіктер таңдап алынған аталыммен сәйкес келуі және қосылған үлес нақты сипатталған болуы қажет.
    7
  • Анықтық
    Өтінім тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей әрі жетістіктер нақты дәлелдермен сипатталып жазылуы тиіс.
    8
  • Өтінімдерді беру мерзімі
    Барлық өтінімдер алғашқы хабарламада айтылған күннен кешіктірілмей жіберілуі тиіс.
    9
Жеңімпаздар
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Даңқ қабырғасының 2024 жылғы жеңімпаздары
    Іріктеу комитеті
    Түлектер саны
    • Түлектердің жалпы саны: 2452
    • Бакалавриат түлектері: 1740
    • Магистратура мен докторантура түлектері: 712