Events_KZ

NU SEDS ашық есік күніне тіркелу басталды!

2024-10-17 15:21
Сіз болашағыңызды инженерия немесе IT саласымен байланыстырғыңыз келеді ме? Онда Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) кезекті Ашық есік күніне келіңіз! Шараның ақпараттық сессиялар, зертханаларға экскурсиялар, инженерлік сайыстар, студенттер мен түлектеріміздің кездесуінен тұратын қызықты бағдарламасы сізге біздің мектеппен әрі мамандықтармен жақынырақ танысуға толыққанды мүмкіндік бермек.

Іс-шара бағдарламасы:

10:00 – 10:30

Тіркелу

10:30 – 11:00

🔍 Оқуға қабылдаудағы соңғы өзгерістер және жоғары сынып оқушыларына арналған пайдалы кеңестер

2023-2024 оқу жылына оқуға қабылдаудың жаңа талаптары туралы маңызды ақпарат.

11:00 – 12:00

🎓 SEDS академиялық бағдарламалары туралы ақпараттық сессиялар

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің алты кафедрасы ұсынатын академиялық бағдарламаларға кіріспе:

• 11:00 – 11:10: Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы – «Неліктен құрылыс және экологиялық инженерия мамандығын таңдаған жөн?»

• 11:10 – 11:20: Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы – «Химиялық инженериядағы инновациялар: болашақтың материалдары мен шешімдері қалай жасалады?»

• 11:20 – 11:30: Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасы – «Неге Механикалық және аэроғарыштық инженерияны таңдау керек?»

• 11:30 – 11:40: Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы – «Электротехника және компьютерлік инженерия дегеніміз не?»

• 11:40 – 11:50: Робототехника кафедрасы – «Болашақтың инженериясы: роботтар біздің әлемді қалай өзгертеді?»

• 11:50 – 12:00: Компьютерлік ғылымдары кафедрасы – «Компьютер ғылымдары неліктен болашақтың мамандығы?»

12:00 – 13:00

🔬 Зертханаларға экскурсия

12:00 – 13:00

🏗️ Инженерлік сайыстар

• Мұнара салу турнирі🎉🏆🎁🥇

• Arduino дамыту лагері🎁

• Тышқан қақпаны машинасының жарысы🎉🏆🎁🥇

• Химиялық инженерия квест бөлмесі🎉🏆🎁🥇

• CodeChef бағдарламалау сайысы🎉🏆🎁🥇

• Роботтық қолды дамытуға арналған жарыс🎉🏆🎁🥇

13:00 – 14:00

🎉 Студенттер және түлектермен кездесу

Студенттеріміз бен түлектеріміздің оқу орынына қалай түскені, қалай оқығаны, қандай жетістіктерге жеткені туралы қызықты әңгімелерін тыңдаңыз және пайдалы ақыл-кеңестерін алыңыз.

Орындар саны шектеулі. Тезірек тіркеліп қойыңыз.