Media about SEDS_KZ

NU SEDS ғалымдары көміртегі шығарындыларын азайту үшін бірнеше жобаларды жүзеге асыруда

2022-07-28 16:40

Париж келісіміне қатысушы Қазақстан 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 15 пайызға қысқартуға міндеттенді. Дегенмен, ластану қарқыны жыл сайын артып келеді және құжатта көрсетілген көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі әлемдегі нақты көрсеткіштерге сәйкес келмейді.

НУ ғалымдары Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасының профессоры әрі «National Laboratory Astana» мекемесіндегі Жасыл энергетика және қоршаған орта зертханасының меңгерушісі Вужин Лидің жетекшілігімен көміртегі шығарындыларын азайту бойынша бірнеше жобаларды қолға алды. Бірі – көмірқышқыл газын секвестрлеу, екіншісі – көмірқышқыл газын өңдеуге арналған катализаторларды жасау. Осы жобалардың біріне мектеп магистранты Нұрлан Сейсенбаев қатысуда. Ғалымдар өздерінің зерттеулері туралы «Еларна» телеарнасының «Lab.kz» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.