Бакалавриат бағдарламалары
Назарбаев Университетіне оқуға қабылдау бағдарламалары меритократия (merit based) қағидатына негізделеді, бұл үміткерлерді олардың академиялық жетістіктеріне қарай таңдауды, оқуға түсу үшін барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді білдіреді, бұл басқа бір факторлардың әсерінен тыс, ең үздік және дарынды студенттерді таңдауға көмектеседі. Осылайша, Назарбаев Университетінің бағдарламаларына қабылдау талаптары азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, талапкер түлегі болып табылатын білім беру ұйымының мәртебесіне және т.б. қарамастан, барлық үміткерлер үшін бірдей. Сіздің санатыңызға қатысты маңызды күндерді «маңызды күндер» секциясында тексере аласыз.

Талапкерлердің санаттары:

1. SAT/ACT талапкерлері
2. NUET талапкерлері
3. A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері
4. IВ Diploma иегерлері
5. Халықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары

Толық ақпарат сілтеме бойынша: https://nu.edu.kz/admissions

Пайдалы сілтемелер:

Оқуға түсі талаптары: https://nu.edu.kz/kk/admissions/typesofstudy/undergraduate
Гранттар мен қаржыландыру: https://nu.edu.kz/kk/admissions/formoffinance
Глоссарий: https://nu.edu.kz/kk/admissions/typesofstudy/undergraduate

1 қадам
Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу. Жеке
кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз;

2 қадам
Сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу
Жеке кабинетте сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу.

3 қадам
Тіркеу жарнасын төлеу
Тіркеу жарнасы банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.
Тіркеу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Бакалавриат бағдарламаларына өтінім қабылдаудың бірінші ресми бекітілген соңғы мерзіміне дейінгі екі апта ішінде және/немесе ұзартылған мерзім кезінде тіркелу жарнасының көлемі бекітілген
сомадан үш есеге көтеріледі. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

4 қадам
Тіркелуді аяқтау
“Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Талапкер өтінім нысанын бергеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.

5 қадам
IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеу Жеке кабинетіңізде "IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.

Одан арғы қадамдар
Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтініміңіздің статусы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде қандайда бір қиындықтар болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімдері:
  • NUET талапкерлері – 2023 жылғы 16 қазан – 7 желтоқсан (Астана уақыты бойынша 12:00 дейін)
  • Шетелдік талапкерлер: 2024 жылғы 16 қазан - 29 ақпан (Астана уақыты бойынша 12:00 дейін)
  • SAT/ACT талапкерлері - 2024 жылғы 16 қазан – 3 сәуір (Астана уақыты бойынша 12:00 дейін)
  • IB диплом иегерлері - 2024 жылғы 16 қазан – 3 сәуір (Астана уақыты бойынша 12:00 дейін)
  • Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері - 2024 жылғы 16 қазан – 3 сәуір (Астана уақыты бойынша 12:00 дейін)
  • Қабылдау туралы хабарламаларды жіберу: мамыр-тамыз
  • Құжаттарды қағаз ңұсқалары жүзінде қабылдау: НУ сұранысы бойынша маусымның соңы – тамыз айының басы
  • Бағдарлау аптасы: тамыз
  • Сабақтың басталуы: тамыз

Тестілеу нәтижелері Назарбаев Университетінің Институционалдық код қолдана отырып, тест әкімшісі арқылы Университет мекенжайына міндетті түрде жіберіледі:
NU, Admissions Department (IELTS TRF Verification Service арқылы) - IELTS үшін
6762 - TOEFL iBT үшін