Сіздерді Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі сайтында қарсы алу мен үшін үлкен мәртебе. Біздің мектептің басты мақсаты – жаһандық ғылыми-зерттеу орталығына айналып, Қазақстан, Орталық Азия және бүкіл әлемнің дамуына үлес қосу.
Мектептің ашылғанына небәрі 11 жыл болса да, бүгінде біз 95 елдің 2000 үздік оқу орындары кірген
Best Global Universities US News & World Report нұсқасы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған әлемнің үздік университеттері рейтингінде 626-шы орында тұрмыз.
Біздің мектепте 6 кафедра яғни Химиялық инженерия және материалдар технологиясы, Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы, Электротехника және компьютерлік инженерия, Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасы, Робототехника инженериясы және Компьютерлік ғылымдар кафедрасы негізінде әртүрлі мамандықтар бойынша білім алуға болады. Біздің бағдарламаларымыз ABET аккредитациясына қол жеткізу мақсатында стратегиялық тұрғыдан әзірленген әрі студенттерге жан-жақты және теңгерімді білім беру көзделеді.
Студенттер ғылым мен математиканың негізгі қағидаттарын терең түсініп қоймай, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар және кәсіпкерлікке қатысты кең ауқымды білім алады. Біздің студенттер – біздің басты құндылығымыз. Біз оларға дәстүрлі білім беруден тыс, жан-жақты дамуына да көңіл бөлеміз. Біз түрлі конференцияларға жіберу, академиялық алмасу және өндірістік тәжірибе сияқты мүмкіндіктерді ілгерілету арқылы халықаралық дамуға ұмтыламыз.
Бұл көп қырлы әдіс студенттерімізге халықаралық тәжірибе жинақтап, мультикультурализмді терең түсінуге мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ бакалавриат студенттерінің үздік оқытушылар жетекшілік ететін ғылыми жобаларға қатысуын белсенді түрде қолдаймыз.
Біздің ғылымды ілгерілетудегі стратегиямыз – зерттеулердің сапасын арттыру, жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейде дамуға елеулі үлес қосуға бағытталған. Осы мақсатты жеделдету үшін біз зерттеу инфрақұрылымын жетілдіруге көп қаржы жұмсадық , сонымен қатар магистранттар мен докторанттарды интернационалдандыру бойынша жұмысымызды күшейттік.
Біз профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігіне үлкен мән береміз, сондықтан әрқашан әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары білікті оқытушыларды тартуға тырысамыз.
Сіз болашақ студент немесе белсенді академиялық қауымдастықты іздейтін әлеуетті қызметкер болсаңыз, мен сізді біздің сайтпен кеңірек танысуға шақырамын. Мұнда сіз біздің бағдарламаларымыз, оқу жоспарлары, курстар және оқуға қабылдау талаптары, сондай-ақ оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер туралы көбірек біле аласыз.
Егер сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат қажет болса, кафедра жетекшілеріне немесе маған хабарласудан тартынбаңыз.