Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы
Магистратура бағдарламасы “Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы” (ZYGP) бағдарламасында оқуға мүмкіндік береді. «Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасы – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратура және докторантура бағдарламаларына тікелей түсуге қойылатын тілдік талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлерге арналған интенсивті ағылшын тілі мен басқа да пәндік курстарды қамтитын екі семестрлік күндізгі бағдарлама. Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы (бұдан ары – Бағдарлама). Бағдарламаның мақсаты - магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура және докторантура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми,
коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура немесе докторантура бағдарламаларының студенттері атанады. Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Жоспарланған магистратура бағдарламасының тіркелу мерзімін тексеріңіз.
Бағдарламаға өтінім беру үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:

1. Магистратура бағдарламасының минималды қабылдау талаптарына (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс;
  • Бағдарламаға онлайн өтінімдерді тапсыру кезінде күші бар IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 (тек бір бөлім бойынша 5.0 рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа) болуы қажет;
  • Бағдарламаға онлайн өтінімдерді тапсыру кезінде күші бар IELTS тесті бойынша жалпы балл – 6.0 (тек бір бөлім бойынша 5.5 рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа) болуы қажет, “Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” және “Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” бағдарламалары үшін.
2. Сауалнама нысанында ZYGP белгісін қойыңыз. Қабылдау комиссиясы тіркеу
кезінде ZYGP бағдарламасың көрсетпеген үміткерлерді де ұсына алатындығын
ескеріңіз.