Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласында бакалавр бағдарламасы 2011 жылдың тамыз айында ашылды. Осы Мамандықтын бірінші иегерлері 2015 жылдың маусым айында оқуын аяқтады. Механикалық және аэроғарыштық инженерия департаментінің Өнеркәсіптік Консультативтік Кеңестің сыртқы консультанттарының болжамына сәйкес, алдағы жылдары осы саладағы инженерлерге жоғары сұраныс күтіледі. Механикалық және аэроғарыштық инженерия департаментінің түлектері әлемдік өнеркәсіп талаптарына сәйкес болу үшін академиялық және техникалық құзыреттілікке ие болуы тиіс. Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы бакалавр бағдарламасы студенттерге сапалы білім беруге бағытталған және түлектерге келесі қабілеттерді ұсынады:
- Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы жұмыспен байланысты проблемаларды талдау, жобалау және шешу үшін инженерлік дағдыларды, соның ішінде стандарттарды, компьютерлерді, эксперименттер мен нақты шектеулерді қолдану;
- Іргелі ғылыми және техникалық білімнің берік негізін алу; сондай-ақ әр түрлі салаларда, мысалы, индустрияда, өнеркәсіп пен академиялық салада мансабы өсу үшін қажетті сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- Аэроғарыштық немесе механикалық инженерия саласындағы моральдық міндеттемелерін, этикалық нормаларын және кәсіптік тұтастығын түсіну және көп мәдениетті әлемдік экономикадағы инженер рөлінің қауіпсіздігін, құқықтық, экологиялық және әлеуметтік әсерін білу;
- Техникалық және кәсіби ақпаратпен тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті арқылы, сондай-ақ өз бетінше немесе топ ретінде жұмыс жасау арқылы көшбасшылық негізін қалыптасжұмыс істейді.