Биомедициналық инженерия ғылым магистрі

Биомедициналық инженерия – бұл клиникалық проблемаларды шешуде қолданылатын пәнаралық мамандық. Бұл пән медициналық терапияға, диагностикалық құралдар және қондырғыларға қатысты. Биомедициналық инженерия саласы Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап зерттелуде. Осы саладағы биомедициналық инженерлер қоғамдастығы қол жеткізген заманауи технологиялар мен қосымшалар:

  • жасанды ағзалар, оның ішінде кардиостимуляторлар, есту аппараттары, синтетикалық қан тамыры және гемодиализ жүйесі;
  • организм жүйелерін компьютерлік модельдеу, оның ішінде бүйрек функцияларының және артериялық қысымды өлшейтін аппараттар;
  • медициналық визуализациялау, оның ішінде магнитті-резонанстық томография (МРТ), рентгендік томография, ультрадыбыс, позитронды-эмиссиондық томография және т.б.
Биомедициналық инженерияның басқа да қолданылу аясы: биоматериалдарды әзірлеу, регенеративтік инженерия, спорттық медицина және заманауи терапиялық қондырғылар. Бұдан басқа, смарт технологиядардың денсаулық сақтау саласындағы маңызы арта түсті. Мысалы, смарт технологиялар дәрігерлерге ауруларды диагностикалауда, медициналық көмек көрсетуде аналитикалық деректерді пайдалануға, нақты анализ жасауға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндіктердің кейбіреулері биомедициналық инженерлер әзірлеген машиналарда немесе жабдықтарда көрсетілуі мүмкін.

Total Number of Credits: 120 ECTS

Year 1: Fall Semester (Semester 1)
Year 1: Spring Semester (Semester 2)
Year 2: Fall Semester (Semester 3)
Year 2: Spring Semester (Semester 4)

* Student can choose an elective course from other Departments in SEDS or Schools per approval of the advisor and the Head of Department. At least two electives should be taken from the MBME Program.

Program Core Courses
Program Elective Courses