Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіне қош келдіңіздер! Бұл – шамамен 3000 адамды қамтитын, студенттерден, оқытушылардан және әкімшілік қызметкерлерден құралған белсенді әрі серпінді орта. Біздің студенттік қауымдастықта студент-қыздар мен студент-жігіттердің үлесі шамамен бірдей болып келеді, ал оқытушылар құрамында 25-тен астам елдің өкілдері бар.
Қазіргі таңда Мектеп құрамына алты кафедра кіреді:
- Құрылыс және экологиялық инженериясы
- Химиялық инженерия және материалдар технологиясы
- Электротехника және компьютерлік инженерия
- Механикалық және аэроғарыштық инженерия
- Компьютерлік ғылымдар
- Робототехника инженериясы
Мектепте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде жиырма үш академиялық бағдарлама жүзеге асырылады. 2025 жылдың тамыз айынан бастап Мектеп Қолданбалы жасанды интеллект және деректер ғылымы бойынша кәсіби магистрлік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама тез дамып келе жатқан саладағы өсіп келе жатқан қызығушылық пен сұранысты қанағаттандыру мақсатында әзірленіп, іске қосылды.
Студенттеріміз оқу барысында инженерия және цифрлық ғылымдар саласындағы жетекші мамандардан білім алу мүмкіндігімен қатар, өз мамандығы бойынша заманауи тәжірибеге ие болады. Олардың ең заманауи жабдықтарды қолдануға және зертханаларда жұмыс істейді, сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі ғалымдармен бірлесіп жұмыс істейді, халықаралық академиялық алмасу бағдарламаларына қатысады және одан да көп мүмкіндіктерге ие.
Инженерия, технология, жасанды интеллект, материалдар ғылымы, энергетика және басқа да көптеген салалардағы жетістіктерге студенттеріміз бен түлектеріміз белсенді үлес қосып, көшбасшылық танытуда. Бүгінгі таңда шамамен 300 бакалавриат студенті, сондай-ақ барлық магистратура мен докторантура студенттері ғылыми зерттеулерге тартылған, ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, беделді журналдарда жарияланып, STEM салаларының дамуына үлес қосуда. Біздің түлектеріміз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында – Стэнфорд университетінде, Массачусетс технологиялық институтында, ETH Zurich университетінде, сондай-ақ ұлттық және халықаралық жетекші компанияларда – BI Group, Kaspi, Air Astana, Amazon, Google, Meta және тағы басқаларда білімін жалғастырып, табысты еңбек етуде.
Армандауға батыл болыңыз – және бізбен бірге арманыңызды шындыққа айналдырыңыз!
Ізгі тілекпен,
Профессор Елизавета АрхангельскиИнженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің деканы