Оқу гранттары және ақылы оқу
Қазақстан Республикасы азаматтары Назарбаев Университетінің білім беру гранты (Мемлекеттік грант) есебінен білім ала алады. Мемлекеттік грант Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оқу ақысын, ай сайынғы шәкіртақыны және жол жүру үшін ақшалай қаражаттың кепілді өтемақысын қамтиды. Грантқа ие болу үшін бөлек өтінім жіберудің қажеті жоқ. Барлық талапкерлер грант есебінен оқуға бірден қарастырылады.

Толық ақпарат: https://nu.edu.kz/admissions/formoffinance.

Шетелдік азаматтар “Абай Құнанбаев” гранты есебінен білім ала алады. Грант Назарбаев Университетімен қаржыландырылады және оқу ақысын, айлық шәкіртақыны және басты медициналық сақтандыруды қамтиды. Гранттар тиісті бағдарлама/мамандық бойынша толық оқу мерзіміне беріледі. Гранттар саны жыл сайын Назарбаев Университетімен бекітіледі. Грант иегері Қазақстан Республикасы азаматтығын алған жағдайда, вакантты мемлекеттік гранттар, бар болған жағдайда, “Абай Құнанбаев” гранты иегерлері арасында қайта тағайындалады. Грантқа ие болу үшін бөлек өтінім жіберудің қажеті жоқ. Барлық талапкерлер грант есебінен оқуға бірден қарастырылады.

Грант есебінен білім алатын барлық студенттер ай сайын стипендия алады:
Бакалавриат студенттері – 48 182 KZT
Магистратура студенттері – 162 000 KZT
Докторантура студенттері – 195 000 KZT

Сонымен қатар, студенттер профессорлардың жобаларында ғылыми ассистентер ретінде жұмыс істеп, қосымша төлемақы ала алады. Докторантура студенттері оқытушылардың ассистентері болып жұмыс істей алады (Graduate Teaching Assistants).

Ақылы оқуға түсу барлық қабылдау талаптарына сәйкес келетін, бірақ төмен рейтингке/орынға байланысты жоғарыда аталған гранттардың ешқайсысын ала алмаған талапкерлерге/үміткерлерге қол жетімді. Ақылы оқуға квоталар санын жыл сайын Назарбаев Университеті Мектептердің сыйымдылығын ескере отырып бекітеді.

Толық ақпарат үшін сілтемеден өтіңіз: https://nu.edu.kz/kk/admissions/formoffinance.