Магистратура бағдарламалары
Назарбаев Университетіне оқуға қабылдау бағдарламалары меритократия (merit based) қағидатына негізделеді, бұл үміткерлерді олардың академиялық жетістіктеріне қарай таңдауды, оқуға түсу үшін барлығына тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз етуді білдіреді, бұл басқа бір факторлардың әсерінен тыс, ең үздік және дарынды студенттерді таңдауға көмектеседі. Осылайша, Назарбаев Университетінің бағдарламаларына қабылдау талаптары азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, талапкер түлегі болып табылатын білім беру ұйымының мәртебесіне және т.б. қарамастан, барлық үміткерлер үшін бірдей.

Магистратура бағдарламаларында оқу мерзімі – 2 жыл.

Студенттерді оқуға қабылдау кезеңдері:

1. Студенттерді қабылдау департаменті талапкерлердің құжаттарын тексереді;
2. Қабылдау комиссиялары талапкерлердің құжаттарын қарастырады және бағалайды. Минималды баллдарға сәйкес талапкерлерді сұхбатқа шақырады. Сұхбатқа барлық талапкерлер шақырылмайды.
3. * Инженерлік менеджмент бағдарламасына талапкерлер міндетті түрде ALEKS тест тапсырады. GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері болса, талапкердлерге ALEKS тест тапсыру міндетті емес.
4. Қабылдау комиссиясы талапкерлермен сұхбаттар өткізеді және оқуға қабылданатын талапкерлердің тізімін жасайды.
5. Талапкерлер нәтижелерін электрондық пошта арқылы алады.
1. Толтырылған онлайн сауалнама;
2. Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
3. Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
4. Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы; Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
5. IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;

Ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа);
  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа); ссылка на вкладку ZYGP
Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • Ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
  • Ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
  • Талапкер Назарбаев Университетінің студенті/түлегі болған жағдайда.
7. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтаманы тапсыруы қажет;
8. Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
9. Действительный на момент подачи заявления официальный сертификат GRE (в случае наличия);
10. Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
11. Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
1 қадам. Жеке кабинет ашу
Admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура/Резидентура» бағдарламасын таңдау кажет. Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.
Жеке кабинетіңізде өтінім тапсыру нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.

2 қадам. Сауалнама нысанын толтыру
Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Application Form сауалнама нысанын онлайн толтырыңыз және онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Сауалнаманың барлық
сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

3 қадам. Қажетті құжаттарды тапсыру
Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін, Step 2 бөлімінде қажетті құжаттарды жүктеу қажет. Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте көрсетілген. Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы
фотоны жүктеңіз.


4 қадам. Тіркелу жарнасын төлеу
Тіркелу жарнасы Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде банк картасы арқылы онлайн түрде төленеді. Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені (ерекшелік - Жоғары бизнес мектебі) құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды. Банк арқылы қаражат аударылатын төлем қабылданбайды. Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Осыған байланысты 2 реттен артық төлем жасамауды сұраймыз. Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс. Жеке банк картасы жоқ үміткер басқа адамның картасын пайдалана алады.

5 қадам. Өтініш беруді аяқтау
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін міндетті түрде «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Осы кезде өтінім аяқталған болып есептеледі. Өтінім аяқталғаннан кейін сауалнама нысанына және жүктелген құжаттарға өзгерістер енгізу мүмкін емес. Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз
бен құжаттарыңызды тексереді және, қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.

6 қадам. IELTS/ TOEFL сертификатын ұсыну
Үміткерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет: IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу; Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады. Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
IELTS үшін код: Nazarbayev University
TOEFL iBT үшін код: 6762
GRE үшін код: 6496
GMAT үшін код: H6m-R7-93
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің жеке кабинетінде қолжетімді.
IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Ұсынылған барлық сертификаттар құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы керек.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл
әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.

Келесі қадамдар
Сіздің ұсынушыларыңызға электрондық пошта мекенжайларына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы электрондық пошта арқылы автоматты хабарлама жіберіледі.
Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде
болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз. Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз.
Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.
Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

Шетел азаматтары үшін: 16 қараша 2023 ж. - 29 ақпан 2024 ж. (Астана уақыты бойынша
13:00-ге дейін)
ҚР азаматтары үшін: 16 қараша 2023 ж. - 25 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге
дейін)

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:
Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2024 ж.
ҚР азаматтары үшін: 10 мамыр 2024 ж.

Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасына үміткерлер үшін ALEKS тесттің тапсыру күндері:

Шетел азаматтары үшін: кейінірек хабарланады
ҚР азаматтары үшін: кейінірек хабарланады
Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:
Шетел азаматтары үшін: 2024 ж. сәуір - мамыр
ҚР азаматтары үшін: 2024 ж. маусым - тамыз

Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: 2024 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2024 ж. тамыз